63 жасты «Пайғамбар жасы» деген дұрыс па?

Oinet.kz 14-10-2019 25912

Screenshot_12.jpg

Көрнекі сурет

Алпыстан асқан, анығы 63-ке келген кісіге «Пайғамбар жасыңыз құтты болсын» дейміз. Ал қазақ пайғамбар жас деп 40 жасты айтқан. Себебі, пайғамбарлық міндет жүктелген, жауапкершілікті арқалауға әбден жарайтын жас дегенді білдіру үшін. Пайғамбарымыз 63 жасында қайтыс болды ал, сонда анау кісіге, «енді сіз де сол жасқа келіп қалдыңыз…» деген сөз бе сонда? 

«Ал арғы жаққа кететін уақытыңыз болып қалды енді…» деген құттықтау бола ма? Қандай ыңғайсыз? Жоқ, олай емес. Қазақ 25 жасты ерекше айтатыны, оған дейін ауыр қылмысы болмаса жігіттікпен артық-кем қылған ісіне  көп адам оған кешіріммен қарайтын еді. Одан өткеннен кейін ескеуіл сөз, оғаш қылығыңның бәріне тиісінше жауап бересің. Құдды заңдық жауапкершілікке тартылатын жас секілді. Міне, мұның бәрінде мән-мағына, болмыс жатыр. Бәрі біздің өмір салтымыз, жүріс-тұрысымызды белгілеп беріп отыр. Мысалы, «Әнші Мейрамбек биыл пайғамбар жасына толды» деп айтсақ еш ерсі көрінбеуі керек. Қайта Мейрамбектің салмағына салмақ қосып, нағыз ел үшін еңбек етудің белесіне шыққанын сезіндірер еді өзіне.

Ұларбек Нұрғалымұлы

Мейірбике қалай пайда болды?
Ықылық атқанның тілін кескен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу