Қауіпті белгі ме? Неліктен орныңыздан тұрып қалғанда басыңыз айналады?

Oinet.kz 13-10-2023 1520

Кейде отырғанда немесе жатқанда орныңыздан бірден тұрып қалсаңыз, басыңыз айналып кете ме? Оның себебі неде? Орныңыздан тұрғанда бас айналуының мүмкін себептерін ұсынамыз.

Screenshot_7.jpg

Ортостатикалық гипотензия (қысымның төмендеуі)

Орныңыздан тұрғанда бас айналуының кең тараған себебі – ортостатикалық гипотензия немесе дене күйінің өзгеруі кезіндегі артериялық қысымның төмендеуі. Бұл сіз тұрғаннан кейін қан басқа жылдам көтеріліп үлгермегендіктен болады. Қысымның бірден өзгеруі сәл бас айналуды тудыруы мүмкін. Ортостатикалық гипотензия әдетте денсаулыққа қауіп төндірмейді.

Бірақ егер мұндай жағдай жиі қайталанса және оған басқа да жағымсыз белгілер қосылса, бұл қандай да бір қауіпті медициналық проблеманы көрсетуі мүмкін. Мұндай кезде дәрігерге көрініп, қажет ем алу маңызды.

Вестибулярлық бұзылыс

Құлақтағы вестибулярлық жүйе тепе-теңдікке және кеңістікте бағдарлауға жауап береді. Бұл жүйеде проблема болса, мысалы, ішкі құлақ ауруы болса, орныңыздан тұрғанда басыңыз айналуы мүмкін.

Анемия

Темірдің жетіспеуі және анемия миға оттек жетуін азайтуы мүмкін, ал бұл бас айналуына әкеледі. Егер сізде анемия белгілері болса, дәрігерге қаралып, қажет анализдер тапсырыңыз. Дәрігер темір, дәрумендер, фолий қышқылы және басқа да дәрі-дәрмек жазып беруі мүмкін.

Күйзеліс

Күйзеліс пен мазасыздық физикалық белгілер беруі, соның ішінде орныңыздан тұрғанда басыңыздың айналуына әкелуі мүмкін.

Орныңыздан тұрғанда басыңыз айналса не істеу керек?

1. Бірден тұрмаңыз. Баяу және біртіндеп тұрыңыз. Бұл ағзаңыздың қысымға бейімделуіне мүмкіндік береді.

2. Су ішіңіз. Сусыздану болмас үшін жеткілікті мөлшерде су ішіп жүріңіз.

3. Дәрігерге көрініңіз. Егер орныңыздан тұрғанда жиі басыңыз айналса, бұл дәрігерге қаралуға себеп.

Отбасының жылулығы
Спирттік ішімдіктің азабы аз болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу