Короновирус қайнаған суда өле ме?
Роспотребнадзор басшысы Анна Попова коронавирус суда көбейе алмайтынындығын мәлімдеді.
Сурет ашық дереккөзден алынды
"Вирус теңіз суында да, тығыз суда да көбейе алмайды,дегенмен тіршілігін сақтайды. Вирус жоғары температурада өмір сүре алмайтыны анықталды", - дейді Попова РФ президенті Владимир Путин қатысқан санитарлық-эпидемиолоиялық жағдайға байланысты отырыста. Оның айтуынша, коронавирус қайнаған суда жылдам тіршілігін тоқтатады.
Бостон университетінің Жұқпалы аурулар бойынша ұлттық зерханасы (NIEDL) коронавирусты инактивацияландыратын тиімді әдіс тапқан. Зерттеу аясында ғалымдар дәрігер Энтони Гриффитстің басшылығымен тәжірибе жүргізген: олар вирус жұққан материалды ультракүлгін сәулелендірудің бірнеше дозасымен өңдеген.
Бір шаршы сантиметрге бес миллигоуль шамдарын өңдеу кезінде SARS-CoV-2 таралуы алты секунд ішінде 99 пайызға төмендеді, ал бір шаршы сантиметрге 22 миллигоуль шамдармен өңдеген кезде коронавирус 25 секундта толығымен жойылатыны анықталған.