Күйзелістен қалай жылдам арылуға болады?
Көптеген аурулардың негізі жан күйзелісімен байланыста екендігі баршаға мәлім. Жігеріңізді жасытпай, жаныңызды жадырату жолын бірге іздеп көрейік!
Эмоцияларын басқара алмау ішкі үйлесімділікті бұзады. Таппинг немесе эмоционалды еркіндік техникасы — бұл эмоционалды блоктар алынып тасталатын өз эмоцияларын басқаруға бағытталған терапия. Әдістің өзі қытайлық акупрессураға ұқсас, саусақтарыңызды белгілі бір энергия нүктелеріне тигізу арқылы жүзеге асады. Әдістің арқасында сіз қорқынышпен, теріс көзқараспен күресуге, стресс пен шиеленісті жеңілдетуді үйренесіз.
Біздің денемізде көптеген энергетикалық нүктелер бар. Олардың жекелей немесе комбинация қалыбында белгілі бір органдар мен процестерге әсер етуі мүмкін. Осы нүктелер адам инстинкіне әсер етеді. Эмоционалды процестерге қатысатын көптеген нүктелер бар. Мысалы: қастың ортасындағы , мұрынның басталу нүктесі . Бұл нүктелерге әсер ету арқылы көптеген эмоцияны қалыпқа келтіруге болады.
Техниканың принципі:
Ыңғайлы позицияны алып, өзіңізді жайлы сезініңіз
Мазасыздық, қорқыныш, толқудың себебін анықтаңыз. 1-ден 10-ға дейінгі аралықта сезіміңізді бағалаңыз.
Сіз өзіңіздің проблемаңызға қарсы болатын позитивті тұжырым жасаңыз. Мысалы: "Мен өзімді жақсы көремін және дұрыс шешім қабылдаймын" немесе "Мен өзімді қабылдаймын және бәрін дұрыс жасаймын". Осылайша, сіздің ішкі диалогыңыз келесідей болады: "жұмыстағы жанжал мен ұжымдағы қиын жағдайға қарамастан, мен өзімді жақсы көремін және дұрыс шешім қабылдаймын"; " мен тапсырманы орындай алмаймын деп қорқамын, бірақ не болса да, мен өзімді қабылдаймын және бәрін дұрыс жасаймын».
Мәлімдемелерді қайталап, саусақтарыңызды дененің релаксациясына жауап беретін арнайы нүктелерге тигізу керекү. Уақыт өте келе сіз мәселеге басқаша қарауды үйренесіз.
Жаттығуды аяқтағаннан кейін қорқыныш деңгейін қайта талдап, 0-ден 10-ға дейінгі шкала бойынша қайтадан бағалау керек. Әдістің міндеті-мазасыздықты жеңілдету. Егер жағдай жақсарса, сіз сессияны аяқтай аласыз, ал егер жоқ болса, жаттығуды жалғастыра аласыз.
Егер сіз кенеттен күйзелісті жағдайға тап болып, жүрегіңіздің тоқтаусыз соғып жатқанын аңғарсаңыз, оны тыныштандырудың да оңтайлы жолы бар. Ол үшін сол қолыңыздың басбармағын алға қарай созып, баяу және терең дем шығаруыңыз қажет. Осылайша жүректегі шектен тыс тынымсыздық және тыныс алудың өте қатты жоғарылуынан арыла аласыз. Неліктен бас бармақ? Себебі, басқа дене мүшелеріне қарағанда басбармақ денедегі импульсті жақсы сезінеді. Егер, сіз оны тыныштандырсаңыз, бүкіл организміңіз тынығады.
Терапия процесінде әсер ететін нүктелер: мұрын басталған жер, көздің ішкі бұрышы, қастың басталу нүктесі, мұрын мен еріннің астындағы нүктелер. Қаласаңыз, сіз осы тізімге көздің астындағы, алақанның жиегіндегі және саусақтарыңыздағы нүктелерді қоса аласыз.
Таппингті қаншалықты жиі қолдансаңыз, жағымсыз эмоциялардан арылуды тезірек үйренесіз. Біртіндеп тиімді нүктелер мен тамаша ырғақты табасыз.
Суреттер ашық дереккөзден алынды