Шоколад жүрекке пайдалы ма?

Oinet.kz 30-07-2020 1359

Ғашығының көңілінен шығу үшін яки жақын адамымызды қуанту үшін шоколад сыйлаймыз. Өз кезегінде сыйлық алушы да шын жүректен қуанып, ілтипатын білдіреді. Қарым-қатынаста оңтайлы сыйлық шоколадтың ағзаға қандай пайдасы бар?

image.png

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Шоколадтың пайдасы туралы жиі естиміз. Стрессті азайтуы, иммунитетке көмектесетіні, тіпті көру қабілетін жақсартатыны туралы баршамызға мәлім. 

Шоколадтың пайдалы қасиеттері какао бұршақтарында флавоноид заттары болғандықтан делінеді. Бұл заттар ми мен иммунитет үшін ғана емес, сонымен қатар жүрек пен қан тамырлары үшін де пайдалы. Жақында "European Journal of Preventive Cardiology"-де шоколад жүректің қан-тамыр ауруларының ықтималдығын азайтады деген мақала жарыққа шықты. Жүрек бұлшықетінің қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты жұмысын жақсартады. Мақала авторлары көптеген жылдар бойы 336 мыңнан астам қатысушының өзгерістерін  зерттейді.  Аптасына бір реттен көп шоколад жейтіндерде  жүректің қан-тамыр ауруларының ықтималдығы шамамен 8% - ға төмендегені белгілі болды.

Зерттеушілер шоколадтың түрі мен мөлшер туралы да ештеңе айтпады. Алайда, қара шоколад жүрек үшін де, иммунитет пен ми үшін де пайдалы деп болжауға болады. Қара шоколадта флавоноидтары бар какао көп, ал пайдалы емес көмірсулар мен майлар аз.

Короновирус қайнаған суда өле ме?
Мадақтаудың жадқа әсері қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу