Қарны ашпайтын бала
2013 жылы Лэндон Джонс таңертең ұйқыдан біртүрлі болып оянады. 12 жастағы бозбала асқа деген тәбетін мүлдем сезбей қалады. Ерте жатса да ұйқысы қанбапты. Әрі оны жөтел қыса берді. Ата-анасы баланы дереу ауруханаға алып келеді. Тексере келе ақ халаттылар оң жақ өкпесінде инфекцияның барын анықтайды. Біраз күн емделген науқас сырқатынан айығады.
Алайда баланың асқа деген тәбеті қайтып оралмады. Мүлдем ішіп-жемегесін Лэндон қатты азып кетеді. Перзентіне алаңдаған әке-шешесі оны 5 бірдей білікті дәрігерге көрсетеді. Алайда олар да нақты диагноз қоя алмады. Джонс әлі күнге дейін аштықты сезбейді. Дәрігерлер Лэндонның жер бетінде қарны мүлдем ашпайтын жалғыз адам екенін айтуда.