Масканың оң-терісі қайсы?
Медициналық маскалар осыдан 100 жыл бұрын "Испан тұмауы" кеңінен тараған кезде пайда болды. Алғашқы кездері масканы селдір матаны бірнеше қабаттап жасаған. Ол мұрын мен ауызды тұмшалап тұратын.
Қазіргі уақытта медицина дәкеден жасалған маскадан бас тартып, оның орнына полимерлі материалды қолданады. Полимерлі материал жеңіл әрі жақсы сүзгіштік қасиеті бар. Қолданыс кезінде не қолданған соң қолмен тиісуге болмайды. Өйткені оған ауру қоздырғыштары түседі. Масканы дұрыс кимесеңіз қорғаныс деңгейі азаяды. Дәрігерлер ақ жағын ішіне қаратып, түрлі-түсті жағын сыртына қаратып тағуға кеңес береді. Өйткені түрлі-түсті қабаты арнайы қорғаныш затымен өңделеді, ал ақ жағы сүзгіш қызметін атқарады.