Айгүл Орынбек: Босқындарды Оңтүстікке әкелмеңдер!
Танымал заңгер Айгүл Орынбек Қазақстанның Оңтүстік өңіріне Ауғанстаннан босқындарды алып келмеу керектігін айтты. Оның айтуынша, Оңтүстік өңір босқындарды қабылдауға дайын емес. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
"Оңтүстікке босқындарды әкелмеңдер!
Себеп:
Бізде онсызда көп ұлтты шоғырланған елміз, онсызда анклав жиі орын алатын аймақ!
Мектептерде балалар үш ауыссымен оқиды. Себебі мектеп жетіспейді. Ол мектептерді босқындармен толтырып қажеті жоқ!
Полиция қызметкерлерінің саны аз! Ертең қандай да бір жан-жал болса, тәртіп бұзылса оны игере алмай қалады.
Оңтүстің өздерінің 1-2 мың ғана әлеуметтік жағдайы жоқ адамдардың жағдайын жасай алмай отыр. Ертең босқындарды алып келетін болып қалсаңдар, олардың жағдайын жасайды деп айта алмаймын! Бір екі ай бағар кәсіпкерлер, одан арқарай ше? Оларға жер үй беру керек болады!
Жоғары жақ әкімдерге, әкімдер кәсіпкерлерді қинайтындарың бәріне белгілі. Ауғаныстаннан қазақ босқындарды алып келіп солтүстікке деген бағдарламаны жүзеге асырып жіберсеңіздер тамаша болар еді. Оңтүстікте босқындарға мә келіп қалыпсыңдар деп бере салатын да жер жоқ! Бұл жақта жер үшін баласы әкесімен қырылып соттасып жатыр біле білсеңдер!
Сол үшін алда-жалда босқындарды қабылдаймыз деп шешім шығарып қалсаңдар, тізімнен оңтүстікті сызып тастаңдар!" - деп жазды Айгүл Орынбек.
Еске сала кетейік, "Талибан" қозғалысы Ауғанстан үкіметін жаулап алды. Осының салдарынан ауған халқы жан-жаққа қашып жатыр. Қазақстан 2 мың (кей жерде 70 мың деп жазылуда) босқынды қабылдайды деген сөз тарады. Бірақ Сыртық істер министрлігі бұл сөздің жалған екенін мәлімдеді.