Сабина оқу ақысы 75000$ грантты жеңіп алды

Oinet.kz 18-08-2021 2287

Screenshot_3.jpg

Қарапайым отбасыда дүниеге келген Сабина білімі арқылы  шетелдің ең іргелі оқу орындарының біріне түсіп, жақсы маман болып шығып, еліне, ата-анасына және өзіне жағдай жасап, қызмет етуді  армандады. Осы арманы оны алға жетеледі. 

2010 жылы Горький атындағы жалпы орта мектебінің 1-ші сыныбына оқуға барды. Зеректігімен, алғырлығымен  мектепте үздік оқыды, мектепте өткізілген барлық іс -шаралар мен байқаулар мен интелектуалдық сайыстарға қатысып топ жара бастады. Алға қойған мақсатына жету үшін ағылшын тілін жетік меңгеру қажет екенін түсінген ол қосымша курстарға барып, ағылшын тілін жетілдірді.

Сондай-ақ, 2013 жылы республикалық «Ақбота»марафонында  жүлделі 2-ші орын, халықаралық «Русский медвежонок» интелектуалдық сайысында І-орын.  2017 жылы өз туған өлкесінің сұлулығын көрсету үшін арнайы «Кіші Отаным» тақырыбында фоторепортаж бен бейне репортаж дайындап байқауға қатысты. 

2019 жылы республикамыздың ірі бизнесмендерінің бірегейі  А. Рахымбаевтың ұйымдастыруымен ауыл мектептерінің 9 сынып оқушылары арасында олимпиада ұйымдастырып, үздік оқушыларды іріктеп алып 2 жыл көлемінде шетел тілі мен жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша терең дайындықтан өткізіп шетел білім ордаларына оқуға дайындау үшін «Айқанат» жобасын іске қосты. 

Осы жоба бойынша әр ауданнан үздіктер анықталып, облыстық деңгейдегі олимпиадада бақ сынасып, жеңімпаздар республикалық олимпиадаға қатыстырылды. 2019 жылы  республикалық олимпиадаға  қатысқан  ағылшын пәнінен Сабина 2-ші жүлделі орынды иеленді.

10 сыныпта республика көлеміндегі 12 олимпиада жеңімпаздары мен  88 үздік нәтиже көрсеткен жалпы 100 оқушыны «Айқанат» жобасы  онлайн мектеп ұйымдастырып ағылшын тілі, физика-математика, химия-биология пәндері бойынша дайындады. Каникулы кездерінде оқушылар «Білім инновация» лицейлері базасында өңірлік каникулдық мектепте білімдерін шыңдады.

2020 жылы тамыз айында Бурабайда салынған «Айқанат» мектебінің құрылысы аяқталуына байланысты осы 100 баланың бірі Сабина да 11 сыныпты «Айқанат» гранты иегері ретінде  сол мектепке  ауысты.

 Жыл көлемінде табанды дайындықтан өтіп, білімін әбден шыңдаған Сабина «Айқанат» мектебінің кураторларымен бірлесіп әлемнің ең іргелі бірнеше университетіне шақырту алды.  Жақында жылдық оқу ақысы 74000 доллар Гонгонг университетіне 100 % грант ұттып алды. 

Сабинаның ата-анасы Гонгонг қаласында тұру ақысы мен барып қайту ұшақ билеттерін де көтеруге шамасы жоқ екенін ескеріп, жомарт бизнесмендер қаражатты өз мойындарына алды. Оқу орнын тәмандаған соң да «BI Group»- тан тағылымдамадан өтетін мәлімдеді.

Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Айгүл Орынбек: Босқындарды Оңтүстікке әкелмеңдер!
Ләйлә Сұлтанқызы Тұрсынбек туралы жеке пікірін білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу