Гигиеналық далап ісік тудырады
Ғимараттарда жылу қосылғанда, бөлме ішіндегі ауа тым құрғақ болады. Егер мұндай жағдайда гигиеналық далап қолдансаңыз, оның құрамындағы вазелин ылғалды ауадан емес (ауада ылғал жоқ), ерніңізден сорады. Нәтижесінде, ерніңіз одан сайын құрғап, ал сіз оны ылғалдандыру үшін далапты қайта-қайта жаға бересіз. Ғалымдар зерттеуі бойынша, әйел адам 10 жыл ішінде мұнай өнімдерінің негізінде жасалған 3 келі техникалық вазелин «жейді» екен. Мамандар қатерлі ісік вазелинмен тығыз байланысты деп болжайды. Оған қоса, омырау қатерлі ісігіне душар болған әйел ағзасындағы гидрокарбонат (техникалық вазелин құрамындағы заттар) мөлшері сау әйелге қарағанда, екі есе көп болатыны анықталып отыр.
Не істеу қажет? Ауа ылғалдатқышын орнатыңыз. Бөлме ішінде ауа ылғалдылығы 60%-дан кем болмауы тиіс! Ара балауызынан жасалған гигиеналық далап сатып алыңыз. Күніне 2 литр су ішіңіз. Ылғалдандыру сырттан емес, іштен болу керек!