Тәтті, қышқыл, тұздыны қалағанда...

Oinet.kz 04-06-2020 1053

Тәттіге «тоймайтын», күнде жегісі кеп тұратын адамның ағзасына көмірсу жетпейді деген сөз. Оны жеміс-жидек пен ұн өнімдерін, тәттіні тағамдарды жеп толтыру керек.

image.png

Тәттіге жерік емес, тек кейде жегісі келіп, тәбеті ашылатындардың дәл сол уақытта ағзасына глюкоза жетпей жатқандығының белгісі. Глюкоза ми мен бұлшық еттің жұмысына қажет. Сондықтан глюкозасы көп тәттілерді жеуге тырысу ләзім. Мәселен, әлемде глюкозаға бай жеміс – құрманы жеп бірден ес жинап алсаңыз болады. Мұндайда көбінісе өзіңізбен бал, жеміс-жидек алып жүргеніңіз жөн.

Адам майлы тағам жегеннен кейін, көбінесе, қышқыл бір нәрсе жегісі кеп тұрады. Сондықтан майлы астан кейін қышқыл жеміс жеуге тырысыңыз. Адамның қышқыл тағамға жеріктігінің екінші себебі – иммунитеттің түсіп кеткендігінен. Иммунитетті көтеру үшін С витамині бар цитрус, киви, қарақат, алма сынды жемістерді жеп, итмұрынды қайнатып ішіңіз.

Тұзды тағам жегісі келген адамның ағзасына натрий хлориді жетпейді деген сөз. Мұндай адамдарға қызылша мен теңіз орамжапырағын жеуге, зімбірді қайнатып ішуге кеңес береміз.

Ауыз неге сасиды?
Денсаулығыңызды сақтандырдыңыз ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу