Құрғақ уәдеге құмар әкім
12-04-2023
Кез келген адамның ауыз қуысынан жағымсыз иіс шығады. Кейбір адамдар үшін бұл күрделі мәселе. Гарвард медициналық мектебі зерттеушілердің айтуынша, адамдардың шамамен 30 пайызы үнемі осы мәселенің шешімін іздейді. Шын мәнінде, галитоз көбінесе таңертең ұйқыдан оянғаннан кейін немесе сарымсақ жегеннен кейін пайда болады. Жағымсыз иістің басқа себептеріне ішімдіктер (алкогольді ішімдіктер немесе кофе) мен темекі шегу жатады.
Ауыз қуысының гигиенасы мен тіс ауруы Бала кезімізден тісімізді күніне екі рет жуу керек деп үйретті. Бірақ тіс дәрігерлері әр тамақ жеген сайын тіс тазалау артықтық етпейтінін айтады. Ауыс қуысындағы жағымсыз иіс тіс пен тілде жиналатын бактериялардан да туындайды. Гингивит және пародонтит сияқты тіс аурулары мен ауыздың құрғауы (сілекей бездері ауыздағы табиғи ылғалды ұстап тұру үшін жеткілікті сілекей шығармайтын жағдай) көп жағдайда галитоздың пайда болуына себеп болады.
Тонзиллит, әртүрлі тыныс жолдарының инфекциясы, мысалы синусит немесе бронхит, сонымен қатар кейбір асқазан-ішек аурулары да ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуына алып келеді. Сонымен қатар, прогрессивті бауыр немесе бүйрек аурулары және қант диабеті галитоздың тағы бір себебі. Дегенмен, дәрігерлер мұндай жағдайда адамда жағымсыз иістен бөлек ішкі ағзаның ауырсынуы да байқалатынын ескертеді.