Көзге пайдалы өнімдер

Oinet.kz 04-06-2020 1894

Көзді жақсартудың жолдары көп. Пайдалы тағам, витаминдер ішіп, массаж жасауға болады. Көзге ең пайдалы көкөніс – сәбіз. Оның құрамында көздің көруін жақсартатын бета-керотин, А витамині көп. Бета-керотин, әсіресе, түнде көруін жақсартады. 

image.png

Сәбізден кейінгі азық – қаражидек. Қара жемістің құрамында В және С витаминдері мол. Қаражидек, әсіресе, компьютердің алдында ұзын-сонар жұмыс жасайтын адамдарға аса қажет. Қаржидекпен бірге көк шөп, цитрус жемістер, балық қосып жеуге болады. Көк шөпте С, В және А витаминдері мол. Ал цитруста С витамині көп әрі көздің өзегін жақсартады. Балықта минералдарға бай Омега-3 қосындысы бар. Қаражидектің өзін таба алмасаңыз, қаражидек қосылған дәрі-дәрмектерді, шөп шәйді алсаңыз болады. Көзге бета-керотині көп асқабақ, құрма, манго, итмұрын, авокадоның да пайдасы бар.

Анасы жеген тамақ балаға сүт арқылы бара ма?
Фаст-фудтың кесірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу