Шашыңнан иіскейін...
Шаштың табиғи иісі адамның денсаулығынан хабар береді. Шаш өздігінен иіс шығара алмайды, иісті бөлетін шаштың терісі. Яғни, адамның иісі – одан шығатын тердің иісі. Ағза тердің екі түрін бөледі: экзокриндық – иіссіз, мөлдір тер; апокриндық – өткір иісті тер.
Адам көп жерде тұрғанда, мысалы, автобус, метро ішінде, иістің сан түрін сеземіз. Гигиенаны сақтап, күтінбеу бір бөлек те, ішкі құрылыстың ақауынан жағымсыз иіс шығару бір бөлек нәрсе. Халық арасында адамның иісі оның мінезіне байланысты деген түсінік бар. Кішкентай бөбектің, жас адам мен кәрі кісінің иістері өзгешеленіп тұратынын байқаймыз. «Адамның иісінен жан-дүниенің тазалығы сезіледі» дейді жұрт. Бұл сөздің шын не өтірік екенін сіздің таразыңызға қалдырдық. Біздің айтарымыз – дұрыс тамақтанып, денсаулығыңызға мән беріп, өз-өзіңіздің, киіміңіздің тазалығына мұқият болсаңыз болғаны.