Сілекеймен екі бассейнді толтыруға болады
Ауыз қуысында сілекейдің бөлінуінің маңызы зор. Қалыпты жағдайда сілекей тіс эмаліне минерал тұздардың кіруіне, оның қатты болуына әр ықмал жасайды. Бактерияға қарсы тұратын қасиеті зор. Cілекейдің аз бөлінуі немесе мүлдем бөлінбей қалуы ауыздын құрғауы (ксеростомия) деп аталады. Медицина ғалымдарының айтуынша күндігінде адам екі және алты кесе аралығында сілекей бөледі екен. Орта есеппен бір адам өмір бойы екі бассейнді сілекеймен толтыра алатын болып шықты.