Ішектегі сырахана
Техастағы жедел медициналық көмек көрсететін пунктке ер адам түседі. Ол жиі басы айналатынын айтқан. Себебі ол удай мас еді. Алайда науқас алькогольді ішімдікті ұрттап алмағанын айтады.
Жағдайды тексере келе ақ халаттылар ер адамның ішегінде сыра ашытқысы барын анықтайды. Сөйтсе ол үйінде сыра дайындаумен айналысады екен. Пациент байқаусызда сыраға арналған ашытқыны жеп қойған. Ол құрамында крахмалы бар өнімдерді жеген сәтте ішекке жиналған ашықты қантты ферменттеп этанолға айналдырып отырған. Нәтижесінде сырқаттың ішегінде сыра өңдеу процесі жүрген. Ия, өмірде осындай да қызық жағдайлар болады.