Телефонды күнмен шатастырып...
04-06-2020
Ертеде қызанақ шырынын хан сарайларда халық көсемдері мен қадірлі қонақтарға берілген екен. Ал оның қаншалықты пайдалы болса, соншалықты зиянды екенін көпшілік біле бермейді.
Қайнатылған немесе консервантты қызанақ шырынының пайдасына қарағанда, зияны көбірек. Оны көп мөлшерде пайдалану өт және бауыр жолдарында тастардың жиналуына жол береді. Сондықтан да, жарамдылық мерзімі үш айдан асатын шыны ыдыстағы қызанақ шырынына көп әуестене бермеңіз. Асқазан ауруларына шалдыққан жандарға қызанақ шырынын көп мөлшерде қолдануға болмайды. Әсіресе, асқазан жарасы, гастрит, панкреатит ауруларымен ауыратын жандар үшін қызанақ шырыны қауіпті болуы мүмкін.