Есірткі есіңізден айырады

Oinet.kz 26-05-2020 925

Ұлт көшбасшысы – Елбасы өзінің «Қазақстан – 2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы» атты халыққа жолдаған Жолдауында «Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет» деп атап көрсетті.

unnamed (3).jpg

Есірткі – табиғи гормондарды еліктіретін химикаттар. Есірткілердің әсеріне ағзаның жауап беру тәсілдерінің бірі – есірткі әсеріне қарсы әрекет ететін гормондарды бөлу. Мысалы, кокаин жүйке қызметін қоздырған кезде, ағза өзінің қызметін тежейтін гормондарды бөле бастайды. Есірткінің есеңгіртетін әсері аяқталғаннан кейін ағза біраз уақытқа дейін есірткі әсеріне қарсы гормондарды бөлуді тоқтатпайды. Ағза қызметін табиғи гормондардың әлсірету нәтижесінде адам тыныштандырғыш дәрі ішіп алған сияқты көрінеді.

Егерде есірткі тыныштандыратын әсерлі болса, есірткі әрекеті аяқталғаннан адам өте сезімтал болады. Барлық есірткілер ауруды басатын әсерлі болғандықтан, есірткі қызметі аяқталғаннан соң адам ауруды тым сезгіш болады. Мысалы, апиындар жөтел орталығын тұншықтырады, сондықтан есеңгіреу жағдайынан шыққан адам жөтел ұстамасына ұшырайды. Егер де есірткі әсеріндегі адам өзін көңілді сезінсе, онда есірткі қанағаттану орталықтарына ықпал еткендігі. Есеңгіреу аяқталғаннан кейін ағзадан есірткіге қарсы шығарылған гормондар қанағаттану орталығының қызметін тұншықтырады, адам төзгісіз ауруды сезінеді.

Героин өз атауын «батырлық» («героический» сөзінен алынған) қасиеті үшін алды. Ғалымдар героин физикалық тәуелділікті туғызбайды деген қате пікірде болған. Уақыт өте келе есірткінің басқа түрлерін тұтынушыларға қарағанда, героинды қолданушыларда физикалық тәуелділік тез пайда болатындығы анықталды. Яғни, героин – есірткілердің ішіндегі ең қауіптісі. Оған деген тұрақты тәуелділік күнделікті қолданғанда 10 күн ішінде пайда болатындығы белгілі. Героиннің үлкен мөлшерін күре тамыр ішіне еккеннен кейін, нашақор 15-30 секунд бойы тәтті ләззат сезімінде болады, содан соң эйфориялық жағдайға түседі (яғни, себепсіз қайырымдылық, шектен асқан көңілді күй сезімдері), оған қоршағандар ең қайырымды адамдар ретінде көрінеді, нашақор барлық мұқтаж адамдарға көмектесуге дайын болады. Нашақор адамда өз күшіне деген абсолютті сенімділік пайда болады. Есірткі пайдаланғаннан кейін 6-8 сағат өткен соң өткір абстиненцияға ұшырайды. Нашақор бұлшық еттеріңде және буындарында қатты ауырсынуды сезінеді, жүрегі айниды, ұйқысыздық пайда болады. Бұл жағдай есірткінің кезекті мөлшерін қабылдаған уақытқа дейін жалғасады. Абстиненцияның шегі 2-3 күнге келеді.

Наркологтарда «наркогендік» деген түсінік бар. Наркогеңдік – құмарлықты тудырудағы есірткі күші. Немесе кәсіби тұрғыдан алғанда есірткі әсерінен ағзаның физикалық және психикалық тәуелділігі. Психикалық тәуелділік бірінші-екінші егуден кейін болатын, алфизикалық тәуелділіктің барлық белгілері үшінші-бесінші егуден кейін байқалатын есірткілер бар. Психикалық тәуелділікте өте бұзушылық қасиетке ие. Есірткі қолдануда физикалық тәуелділік нашақормен аурудың ауыр белгісі ретінде сезіледі. Есірткіден айырғаннан кейін нашақор өзін жайсыз сезінеді. Психикалық жабырқу, өзін-өзі өлтіру амалдарындағы депрессия, не отыра алмауда, не жата алмауда, өзіндік денесін ұстай алмаудағы жоғары абыржылық. Нашақордың бозарған, жүдеу түрі көзге түседі. Ішек-қарын жолындағы жайсыздық, қанды іш өтуі де болуы ықтимал. Есірткі қолданудың көптеген түрлеріне – жастың және сілекейдің ағуы, жөтел, тұмау және түшкіру тән. Тәбеттің болмауы. Ауыр ұйқысыздықтың болуы. Бірақ нашақорлардың айтуы бойынша ең ауыры бұл «сыздау» – барлық бұлшық еттердегі, барлық денедегі қатты және азапты ауру. Ал, мұндай азап, сатып алған ауру сізге керек пе? Ендеше есеңгіретер есірткіге жоламаңыз!

Н.НЫСАНБАЙ, 

Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы

Алтын мен күмісті бірге тақпаңыз
«Фастфуд» зиян ба?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу