Тұмау. Оған жүрдім-бардым қарамаңыз!
Күз келіп, күн суыта бастағаннан адамдар түшкіріп, дене қызуы көтеріле бастайды. Әсіресе иммунитеті әлсіздер тез суықтайды, тұмас-сырқауларды жылдам жұқтырып алады.
Жер бетіндегі ең көп таралған инфекциялық ауру – тұмау. Тұмаудың қырыққа жуық түрі кездеседі. Ауру адамға ауа арқылы жұғады. Алғашқы белгілері – түшкіру, жөтелу, тамақтың ауыруы, кқздің жасаурауы, мұрынның бітелуі және дене қызуының көтерілуі. Адамдар тұмауға онша мән бермегенімен дәрігерлер оның өмірге қауіпті екенін айтуда.