Тазалықты сақтау да қауіпті

Oinet.kz 20-01-2020 999

«Тазалық – денсаулықтың кепілі» деп жатамыз. Жеке бастың гигиенасын сақтау, айналаны таза ұстау ауру-сырқаудан сақтайды. Дегенмен, тым тазалықшыл болу түрлі дерттерге жол ашады екен. 

Screenshot_20.jpg

Статистикалық мәліметтер бойынша соңғы жылдары балалар арасында қант диабетінің І типімен ауыратындар көбейген. Ғалымдар бұл жағдайды зерттеп, балалардың сырқаттануына ата-аналардың тазалықты қатты ұстанғандығынан деген тоқтамға келіпті. Мамандар қоршаған ортада  бактерия мен вирустардың болғаны жақсы дейді. Яғни, баланың ағзасында сол бактерияларға қарсы иммунитет пайда болады. Әлгі бактерияларды жойған жағдайда (қол-аяқты жиі жуу, балалар тұтынатын заттарды көп тазалау) бала ағзасы қорғансыз болып қалады да, салдарынан қант диабетіне шалдығу қаупі  жоғары болады.   

Арықтамасаң айыппұл төлейсің
Ми неге ерте қартаяды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу