Қалай ұзақ өмір сүруге болады?

Oinet.kz 16-01-2020 1227

Кез келген елдің болашағы халқының халқының денінің саулығына байланысты. Осы орайда облыстық клиникалық аурухананың қызметкері Ундербаева Күләш Нурдиллақызынан сұрап көрген болатынбыз.

Screenshot_67.jpg

Салауатты өмір салтын қалай түсінесіз?

Салауатты өмір салты деп отырғанымыз денсаулықты нығайтуға, күшейтуге жасалынған әрекет. Өмір сүру өздігінен қалыптаспайды. Оны калыптастыру адамдардың қолында. Адам ағасының 53-55 пайызы салауатты өмір салтын қажет етеді. Осыдан-ақ сау болып өмір қаншалықты маңызды екендігін білуге болады.

Науқастанып қалған сәтіңізде өзіңізді қалай емдейсіз?

Денсаулыққа салғырт қараудан туындаған дертті емдегеннен гөрі салауатты өмір салтын ұстанған жөн деп ойлаймын.Дұрыс тамақтану спортты үнемі жаныма серік етемін.

Денсаулыққа қандай тағамдар пайдалы деп ойлайсыз?

Әр мезгілде тамақтану тәртібін өзгерткен жөн.

Қыс мезгілінде адам ағзасы ауруға қарсы тұруға әлсіз болады. Сондықтан дәруменге бай,құнарлы, денені жылытатын тағамдарды қолдану керек.

Құрамында бұршақ, қырыққабат,  сәбіз, қияр бар тағамдарды жеу керек. Көбіне піспеген шикі жеудің де пайдасы мол.

Әмит Жұлдыз,

ХҚТУ студенті

Қатерлі ісік. Химиотерапия деген не?
Суға піскен жұмыртқа пайдалы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу