Отты терапия деген не?
Қытай медицинасының тамыры тереңде жатыр. Әлемде алғаш рет инемен емдеу тәсілін ойлап тапқан аспан асты елі медицинасында одан өзге де қызықты фактілер жетерлік.
Мәселен, ертеде дәрігерлер әйелдерді жалаңаш күйінде ешқашан тексермеген. Нәзік жанды пациенттер дәрігердің алдында тұрған піл сүйегінен жасалған әйел мүсінінен ауырып тұрған жерін саусағымен көрсететін болған.
Тағы бір қызықты жәйт көрші елде отты терапия деп аталатын емдік процедура бар. Пациенттің арқасына қалың мата төселеді де оның үстіне түрлі емдік шөптерден әзірленген қоспа себіледі. Осы тұста дәрігер шөптің үстіне от қойып, жағады да қалың матамен бетін бүркейді. Бұл процесс бірнеше рет қайталанады. Отты терапия көптеген ауруларға ем болады: тұмаудан бастап семіздікке дейін.