Жер бетіндегі ең жұмбақ ауру

Oinet.kz 15-01-2020 1577

Жер бетінде аурудың түрлері көп. Кейде адамдар жұмбақ, кездесе бермейтін ауруға душар болып жатады. Австралиялық Эшли Морристің дерті де ғалымдардың ойын сан-саққа жүгіртті. 

Screenshot_15.jpg

Эшли Моррис

Тері ауруына шалдыққан қыздың қарапайым судан аллергиясы бар. Суды ішіп зардап шексе де мейлі ғой. Байғұс қыздың денесіне судың тамшысы тиіп кетсе болды ойбайлап шыға келеді. Эшли тіпті терлесе де қиналады екен. Ғалымдар мұның себебін анықтай алмай отыр. Ал судан болатын  аллергияға қарсы дәріні әлі ешкім ойлап тапқан жоқ. 

Кей Андервудтың дертіне де бүгінде шипа табылған жоқ. Катаплексия диагнозы қойылған Кейге мүлдем уайымдауға болмайды. Болмашыға көңілі түссе де науқас талып қала береді. Келіншектің бір күнде 40 рет құлап қалған кездері болған екен. Бір жаман жері науқас кез-келген уақытта, кез-келген жерде ұйықтап қала береді. 

Позвоночник – основа здоровья
Уды ішсе де, ішпесе өледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу