Есінеу қалай жұғады?
Инфекция мен вирустар ғана жұқпалы десеңіз қателесесіз. Есінеуді де адамдар мен жануарлар бір-бірінен жұқтыратын көрінеді. Қарапайым мысал көпшілік ортада біреу есінесе бәріміздің аузымыз қисайып шыға келеді.
Мамандардың айтуынша біреудің есінеп немесе қасынып тұрғанына бей-жәй қарап тұру мүмкін емес. Сіз жаныңыздағы адамның әрекетін қанша қайталамауға тырыссаңыз да өз-өзіңізді ұстай алмайсыз. Психологтар бұл адам еркінен тыс процесс деп есептейді.
Сол секілді қышыма да бірінен екіншіге жұғатын болып шықты. Мәселен, тышқан өзге тышқанның қасынып тұрғанын көрсе оның да денесі қышып кетеді екен. Бұл жағдай психологтарды әлі де қызықтырып келеді.