Аллергендердің ең көп тараған 10 түрі

Oinet.kz 06-12-2019 1870

1. Дәрі-дәрмектерден пайда болатын аллергендер. Адамның организіміне жақпай аллергиялық ауруға әкеледі екен. Статистикаға сүйенетін болсақ  көп жағдайда аллергия болған кезде: ісіктің пайда болуы, тұмау, тыныс жолдарының нашарлауы, қышыну, есекжем  сияқты белгілер пайда болады.

2.Гүлдерден немесе өсімдіктерден туындайтын аллергендер жатады. Ғалымдардың айтуы бойынша раушан гүлінен адамның мұрыны бітіп қалады екен. 

3. Тағамдармен келетін аллергендер. Яғни адам күнделікті тамақтанған кезде ағзасына түсетін вирустар мен бактериалардың салдарынан пайда болады. Әр адамның организімі сан түрлі. Сондықтан да біреуге жаққан нәрсе сізге жақпай қалуы мүскін. 

4. Цитрусты аллергендер. Жеміс-жидектер адам ағзасына түскеннен кейін  аллергендерді алып келеді. Сол себепті кейбір адамдар цитрусты жеміс-жидектерден кейін жағдайы нашарлай бастайды. Олардың қатарына грейпфрукт, апельсин, мандарин сияқты цитрусты жемістерден адамда аллергия пайда болады. Беті немесе ерінің айналасы қыздарып, ісіп кетеді. Дененің қышынуы, ісіп немесе қыздарып кетеді.

Screenshot_16.jpg

5. Жануарлардың жүнінен пайда болатын реакция. Аллергияның пайда болуын жануарлардың жүнімен байланыстырамыз, алайда басты себебі бұл емес. Оның қайнар көзі – үй жиһаздарында қалып қоятын жануарлардың сілекейлеріндегі протеин. Жүндеріне шаң мен тозаң қонған жағдайда ғана аллергияны қоздыруы мүмкін. Жануарларыңыздың артын үнемі жинастырып, үйді шаңсорғышпен тазалап тұрыңыз. Және олармен ойнаған соң, қолдарыңызды жууды ұмытпаңыз. Итке жақындаса түшкіріп, көзіне жас толып, қыздарып, жөтеліп кететін адамдарды жиі кездестіруге болады.

6. Шаң-тозаңдардың аллергендері. Шаңның жиналмайтын жері жоқ, солардың арасындағы ең сүйіктісі - сіздің компьютер. Кулерге кір ауа кіріп-шығып жатады, монитордағы электростатикалық өріс шаңға арналған нағыз магнит, пернетақтаның әр тетігі қоқым мен шаңға пана болды. Осы шаңмен байқамастан дем алып, аллергияны қоздырасыз.

7. Зең. Зең кез-келген жерде пайда болады. Сондықтан зеңді байқасаңыз оның көзін жойыңыз, себебі ол адамның денсаулығына өте зиянды. 

8.  Латекс. Латекстен жасалған заттарға аллергиясы бар адамдар күннен-күнге көбеюде. Мәселен,  медициналық қолғап,  шар сияқты құрамында латекс бар заттар аллергендерді тудырады.

9.Кілемдер. Көз алдыңызда емес, аяғыңыздың астында жатқан кілемшелердің еш зияны жоқ болып көрінгенмен, аллергияңыздың қозу себебі болуы мүмкін. Денсаулыққа пайдасы тисін десеңіз, бөлменің ылғалдылығы 55%-дан аспасын. Мұнымен қатар, бөлмені желдетіп тұрыңыз.

10. Салқындатқыштар. Салқындатқыштар үйдің орташа температурасын қамтамасыз етеді, алайда аллергияның пайда болуына басты себеп болуы мүмкін. Бөлменің ішіндегі шаң-тозаңды сыртқа шығарғанмен, фильтрінде қалып қояды. Артынша сол қалдықтар үйдің ішіне қайта жайылады. Мұндайда салқындатқыштарды жөндейтін мамандарға жолығыңыз. 

Шудың адам ағзасына зияны
Аллергия жас талғамайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу