Шудың адам ағзасына зияны
Заманауи медицинаның пайымдауынша қатты дыбыстар жұмыс жасауға, ойлауға, демалуға зиянын тигізеді.Адамдар үшін шу өте қауіпті. Оның қолайсыз әсері көп уақытқа дейін білінбей жүреді де, білінгеннен кейін кеш болады. Оның үстіне дәрігерлер нәтижелі емдеу жолдарын табалмай жүр. Африканың бір тайпасын зерттеген американдық зерттеушілер қарт адамдарда құлақ мүкістігінің АҚШ қарттарына қарағанда кеш пайда болатыны байқаған. Тыныш жерде өмір сүретін 1300 90-150 жастағы қарт адамдардың есту қабілетін зерттеген Г.З. Пицхелаури тек 7% ғана құлақ мүкістігі байқалғанын айтып өткен.
Адам туылғаннан бастап, дыбыс әлемін қабылдай бастайды. Есту мен сөйлеу адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңызды құралы, қоғамдағы адамдардың өзара қатынасының негізі болып саналады. Жаңа ғасыр–жаңа туындылар, жаңа идеялар, жаңа қиындықтар. Қазір болса, машиналар мен жабдықтардың саны өсіп, мөлшері үлкеюіне байланысты қоршаған ортада дыбыс көп тарап жатыр және жағымсыз факторлардың біріне айналуда. Өнеркәсіптік пен автомобиль шуы кеңінен зерттелсе де, қазіргі таңда дүние жүзінде әр бір 10-шы адам есту апаратының көмегінсіз ести алмайтындай халге жеткен. Ол қаншалықты зиянды? Ол адам ағзасына қалай әсер етеді? Міне, негізгі сұрақтар осында.
25-30 децибел: Бұл дб шу адамның есту жолдарына еш зияны жоқ. Ең қолайлы щулардың бірі болып табылады. Яғни адамның құлағы естуге дағдыланған шу.
60-80 децибел: Күнделікті есту адамның өміріне қауіпті. Ұзақ естудің салдарынан вегетативті жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді. Айтпақшы, бұл шу пианинода ойнаумен, шаң сорғыштың дыбысы, баланың жылағаны, көліктің дауысы сияқты шулар жатады.
90-110 децибел: Есту мүшемізге жағымсыз әсер береді. Ұзақ есту адамның есту қабілетінің бұзылуына әкеледі. 110 дб естіген адамда «шуға улану» поцессі болады. Одан кейін жүйкенің жұқаруына әкеліп соғады. Мотоциклдің дауысы, Ниагар сарқырамасы, концерттер, би кештері дыбыстары жатады.
115-120 децибел: Бұл дыбысты естігенде адамның құлағы қатты ауырады. Қатты шыққан дыбыстың әсері соншалықты ешнарсе анық естілмейді. Осы сияқты шу болатын орындардың бірі аэропорт пен вокзалдар.
140-150 децибел: Шудың дыбысына адамның шыдауы өте қиын, ұзақ уақыт тыңдасаң есіңнен талып қалуың мүмкін. Рок-концерттер, ұшақтың енді ұшқаны, ракетаның ұшуы, реактивті заттардың жарылысы дыбыстарын жатқызуға болады.
180 децибел: Дыбысты естігенде адам өліп кетуі мүмкін. Адамның өміріне өте қауіпті. Бұл дыбыстың әсерінен тіпті метал күйреп кетеді екен. Вулканның атқылауы сияқты дыбыстарды жатқызуға болады.
Бұл келтірілген фактілердің себебі, әрине, шу. Бұл шудың біз ағзаға кесірін тигізетінін білсек те, оның нақты қалай әсер ететінін білмейміз. Қатты шудың себепшісі дыбысқағардың тек құлаққа емес, құлақ арқылы адамның физиологиялық, психикалық әсер етеді. .Және де қатты шудан есту қабілетінен айырылуыңыз әбден мүмкін.