Шок кезінде шошымаңыз

Oinet.kz 25-05-2020 1238

Анафилактикалық шок – ең ауыр аллергиялық рекациядан туатын талма ауруының бір түрі. Бұл адам өміріне өте қауіпті. Тіпті адамдардың 10 пайызы анафилактикалық шоктан көз жұмады. Жыл сайын жүз мың адамның бесеуі осы дертпен күресе алмай, өмірден озады. Көбінесе бұл дертпен жастар бетпе-бет келеді. Анафилактикалық шоктан өлім-жітімнің көптігін ғалымдар адамдардың алғашқы медициналық көмекті көрсете білмеуінде дейді. 

image.png

Адам анафилактикалық шок алған кезде бірінші кезекте шошып қалмай дереу ауырып жатқан адамды тігінен жатқызу қайғылы жағдайдың алдын алады екен.  Ең алғаш «анафилактикалық шок» сөзі 1913 жылы француз ғалымы Шарлем Ришенің зерттеуі негізінде пайда болды. Ол өзінің бұл зерттеуі арқылы Нобель сыйлығына да қол жеткізген. 

Қолына қарап дертін таны
Психологиялық тест: «Айнаның бірін таңдаңыз!»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу