Аллергия жас талғамайды

Oinet.kz 06-12-2019 1094

Аллергия термині 1906 жылы Австрия педиатрлары К.Пирке мен Б.Шик енгізген екен. Әлем бойынша аллергияның көп тарағаны соншалықты, адамдар түшкіріп, мұрны бітіп, көзі жасаурап, жөтелгенде аллергия екенін бірден біліп дәріханаларға барып қажет дәрі-дәрмектерін сатып алады. Дәрігерлердің айтуы бойынша аллергия ағзаның бөгде затқа сезімталдығының әсері.

Screenshot_17.jpg

Аллергендер организімге сырттан түсетін  (экзогендік)және организімнің (эндогендік) өзінде өндірілетін болып бөлінеді. Экзогендік аллергендерге өсімдіктердің тозаңдары, жануарлардың түбіті, қайызғағы, үй шаңы, кір жуғыш ұнтақтар, кейбір тағамдық заттар, дәрі-дәрмектер, микробтар мен вирустар, өндірістік өнімдер жатады.Эндогендік аллергендер көпшілік жағдайларда  әртүрлі микробтардың, вирустардың суық немесе ыстық температуралардың, улы химиялық заттардың, иондағыш сәулелердің әсерлерінен организімнің өзінде пайда болады. Аллерген организімге алғаш рет түскенде иммундық жүйелерге әсер етіп, ауру пайда болады. 

Аллергендердің ең көп тараған 10 түрі
Ғасыр дерті - обыр жасарып барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу