Баламен қарым-қатынастағы 5 сиқырлы фраза

Oinet.kz 21-08-2019 1232

Картинки по запросу ребенок

Бала деген тілі мен ісін түсініп болмайтын тынымсыз бір жаратылыс. Бала әрдайым ата-анасының қолдауына зәру болып тұрады. Сондықтан сіздің балаңызға айтқан әр ақылыңыз, жұбаныш сөзіңіз жүрегіне үміт пен махаббат ұялатады. Баламен достық қарым-қатынаста бола білу қажет, тек сонда ғана бала өз досының айтқанына құлақ асады. Сонымен бала жүрегінен орын табу үшін айтылатын 5 фраза.

Мен сені мақтан тұтамын!

Қарбалас күннің ішінен балаңызды мақтан тұтуға міндетті түрде уақыт табыңыз, себебі бұл бала үшін өте маңызды. Тіпті толықтай тауысылған түскі ас үшін, жуылған әппақ таза қолдары үшін, үйге дейін сүйреп алып келген велосипеді үшін де мақтан тұтыңыз. Бала сонда ғана өзінің өмірдегі, маңызын, орнын біліп өседі.

Қапа болма!

Сенің қолыңнан бұдан да жақсысы келеді. Мұңайма, қамықпа! Сіз балаңыздың жігерлендірушісіз, қолдаушысысыз. Осылай айту арқылы сіз балаңызға бұл соңы емес екендігін түсіндіріп, үлкен үміт сыйлайсыз.

Мен сені жақсы көремін.

Әлде ұялшақтықтан ба, әлде ерекелеп кетеді деп қорқамыз ба, әйтеуір балаларымызға осы бір жылы фразаны өте сирек айтамыз, бәлкім мүлде айтпаймыз. Дегенмен де өзінің сүйікті, сүйкңмдң бала екенін бала біліп жүрсе, ол бақытты болып өседі. Және оның санасында одан да жақсы болу үшін, сүйіспеншілікке бөлену үшін ерік-жігер пайда болады.

Сен мұны менен де жақсы жасайды екенсің! 

Балаңыздың жеткен жетістіктерін жоғары бағалаңыз. Мақтау, өтірік алдау болса да, оның өзбағанымын және мақтанышын аспандатады.

Рақмет, балам!

Балаңызға рақмет айтыңыз. Балаңызды рақымды, рақметті болуға баулыңыз. Жақын адамыңызды, өз жаныңыздың бір бөлшегін бақытқа бөлеңіз.

Смартфоныңызда болуға міндетті 7 қолданбалы бағдарлама
Күйзеліске түскен доспен қалай араласқан дұрыс?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу