Смартфоныңызда болуға міндетті 7 қолданбалы бағдарлама

Oinet.kz 21-08-2019 1015

Картинки по запросу приложения самые нужные

abbyy lingvo - оффлайн режимінде де қолдануға мүмкіндік беретін кермет қондырма сөздік. Оның үстіне сөздердің тек мағынасын ғана емес, қолданыластын жерін, тіркесін,синонимдерін де көрсетіп, сөздің толық мағынасын ашып түсінуіңізге мүмкіндік береді.

sozdik.kz - орыс тілінен қазақ тіліне аудару жеңіл көрінгенімен, біраз сөздер тек тіліміздің ұшында тұратыны рас. Сондықтан бұл қондырма сізге жақсы қызмет етеді деген сенімдеміз. бағдарлама үздік үлгіде жасалған. Тағы бір үздік функциясы мақалдарды да аударады, синоним сөдерді көрсетеді.

 LastPass – егер сіз үнемі құпиясөздерді ұмытып, оларды адам көзінен таса бір жерді іздеп жүрсеңіз Бұл қондырма сізге жақсы көмекші болары анық. Себебі қондырма сіздің бүкіл құпиясөздеріңізді бір жерде сақтауға мүмкіндік береді. Және ол құпия сөздерге қолжетімділік сізде ғана бар.

Evernote – бұл жай ғана органайзер емес, сонымен қатар ойыңызға келген кез келген дүниені сақтауға мүмкіндік беретін әмбебап қондырғы. Қондырғы сізге:

күнделікті жұмыстарыңызды жоспарлауға;

жазбалар жасауға;

құжаттар жүктеуге;

дыбыстық жазбалар жазуға;

ескертпелер сақтауға мүмкіндік береді.

Telegram – қазірде жай ғана қондырғы емес, сіздің әмбебап ботыңыздың рөлін ойнауға да келетін қондырғы дәрежесіне келген. Бұл желіден сіз кез келген өзіңізге қажетті ақпаратты, тегін әуен, тіпті мекенжай анықтамасын да ала аласыз.

Pocket – өміріңізді жеңілдететін қондырғы. Қондырғының негізгі міндеті қажетті мақалаларды осы бағдарламаға жүктеп тегін оқи аласыз. Мәселен гугл бетінен сіз керекті мәліметті алдыңыз делік, ол ақпаратты скриндап жатқаннан, сізге осы бағдарламаға тікелей жүктеген оңайға түседі.

Spotify – тегін әуен жүктеуге арналған қондырғы. Әсіресе IOS жүйесіндегі гаджет егелерінің мәңгі дерті ол дұрыс плеер таба алмауларында Ал Spotify өзінде ең көлемді әуендер жтинағын қамтыған, жүктелімі тегін қондырғы.

Макияж сыр шертеді
Баламен қарым-қатынастағы 5 сиқырлы фраза
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу