Артық қаражатты қажет етпейтін бизнес идеялар (2)
Артық қаражат пен лицензия, құжаттарды қажет етпейтін бизнес жобалардың жалғасы.
Кілт жасау технологиясы.
- Ғимарат. Кілт дайындау ісімен айналысу үшін көлемі 5 шаршы метрдей шағын ғимарат жеткілікті.
- Орталығыңыз халық көп жүретін жерде орналасуы бастамақ кәсібіңіз үшін өте маңызды. Мысалы: базарлардан, қаланың орталығынан, супермаркет, автобекеттер, теміржол вокзалдары, аурухана, театр жанынан, көзге көрінетін жерден ашыңыз.
Керекті құрал-жабдықтар:
- Кілт жасау және оны кодтау үшін арнайы құрал-жабдық бар.
- Сапалы, Италяндық станоктың бағасы, шамамен, 250000тг.
- Қытайлық станоктар 100-170000тг көлемінде.
- Ресейлік станоктар 2000000-дай болады.
Кәсіпті жүргізу дағдысы:
- Кілтті дайындаудың құны бар болғаны 50тг құрайды. Сіз, әдетте, дайын кілтті 4-5есе сатып аласыз. Оған қоса, бір дана кілтті дайындау үшін күрделігіне қарай 1-3минут кетеді.
- Кілтті жасаумен қатар, құлыпты жөндеу, қайта жасап беру, оларды орнату, пышақ пен қайшыларды қайрау сынды қосымша қызметтерді де ұсына аласыз.
Шығыс:
- станок 250000тг.
- ғимаратты жалға алу - шамамен 20000тг.
- кілт жасау үшін қажетті материалдар данасына 90-300тг.
Жалпы: 400000-дай қаражат жұмсалады делік.
Кіріс:
Сіз сағатына 5 кілт жасасаңыз, демек, 6 сағаттың ішінде 600теңгеден 30 кілт жасай аласыз. Сіздің күндік табысыңыз 18000тг құрайды. 30 кілттен айына табатын табысыңыз 540000тг. Кірісіңіздің аз яки көп болуы, өзіңіздің қарқындылығыңызға, еңбекқорлығыңызға байланысты екенін ұмытпаңыз. Барлығы, өз қолыңызда.