Өтірікші сіздің құрығыңызда

Oinet.kz 19-08-2019 1193

45gFu74HS6o-e1513639449411.jpg

Адамның бойындағы ең жеккөрінішті қылықтардың бірі өтірік сөйлеу. Барлығымыз жек көргенімізбен де өтірік айтатынымызды басқадан жасырсақ та өзімізден жасыра алмаймыз. Десек те, өзгені алдасақ та, біз ешқашан алданғымыз келмейді. Ал қарсыңдағы адамның сені алдап тұрғанын аңғару қиын-ақ. Себебі өз өтірігіне өзі сеніп тұрған адамдардың өтірігін шыңдығынан ажырату қиын шаруа.

Ең алдымен өтірік айтып тұрған адамның құйтырқы қылықтарын оның қолынан, іс-қимылынан, мимикасынан, көзінен, дауысынан аңғаруға болады. 

Сізге өтірік айтып тұрғанын білу үшін ешқандай психо-терапевт болудың қажеті жоқ бар болғаны, өзіңізді байсалды ұстап, аңғарымпаз болсаңыз болғаны.

Көзіне тік қараңыз.

Өтірік айтып тұрған адам – көз жанарынан қорқады. Сондықтан тәпіге түсіру үшін көзіне қарап отырыңыз. Егер де ол сәл отырып, жалтара бастаса, өтірік айтып отырғанына шүбә келтірмеңіз. Өтірік айтатын адам көзін алақ-жұлақ етеді, ал немесе ол да сізден көз айырмайды. Себебі ол шынайы көрінгісі келеді. Ал шындығын айтып отырған адам кейде жанына кейде сізге бейбарақат отырып әңгімесін жалғай береді, себебі жалтаруының қажеті жоқ. 

Сіздің сұрағыңызға кері реакция.

Негізінен адамға сұрақ қойылғанда, ол сол сәтті еске түсіру үшін жоғары-төмен қарап, бірнеше секунд ойлана бастайды. Ал өтірік жауап қататын адам, шімірікпестен, сіздің көзіңізден көзін алмастан, жауабын береді.

Адам өтірік айтарында оның миы өте бір үлкен қауіптен қорқып, кері реакциялар береді. Соның бірін дауыс пен сөйлеуі болып табылады. Ал мұндай сәтте өтірікші әшкере болмас үшін, әңгімесін барынша тез бітіруге тырысады.  

Тамақтары кеуіп кетеді.

Қатты қобалжыған адам тез демалғандықтан, тамағы құрғап, қайта-қайта дауысын ретке келтіруі мүмкін.

Өтірікшілер өз өтірігіне сендіру үшін гипноз қолданады екен, олар қолдарының ишараттарымен қосып, сізге мән-жайды түсіндіре бастайды. 

Ал оның дауысы шындық етіп көрсеткісі келіп тырыса бастайды, түр келбеті өзгереді.

Дегенмен де, жоғарыда айтылған пунктілер егер де адамның бойынан күнде кездессе ол адамның бойына сіңген түсіндіру әдісі болуы да мүмкін. Сондықтан әңгімелесушінің табиғатына да мән беріңіз.

Артық қаражатты қажет етпейтін бизнес идеялар (1)
Артық қаражатты қажет етпейтін бизнес идеялар (2)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу