Артық қаражатты қажет етпейтін бизнес идеялар (1)

Oinet.kz 19-08-2019 1601

Screenshot_2.jpg

 Жастығыңда жалыныңмен жаса. Неге жалынмен?

- Сен жанбасаң лапылдап, 

  Мен жанбасам лапылдап. 

  Біз жанбасақ лапылдап, 

  Аспан қалай ашылмақ?! - демекші, от болып лауламасақ, күл болып қалмасамызымызға кім кепіл. Сол себептен,  жастар қауымына, кішігірім кеңес болсын деп, бизнес жоспарларды ұсынбақпын. Септігін тигізер деп үміттенемін. 

 Ендеше артық қаражатты, лицензия мен түрлі рұқсат қағаздарды қажет етпейтін бизнес идеялар:

  Screenshot_3.jpg

Репетиторлық орталық.

- Ғимарат.сізге жалпы көлемі 50-60 шаршы метрді құрайтын, мүмкіндігінше үш жеке бөлмеден тұратын кеңсені жалға алуға болады. Кеңсенің қолжетімді ауданда, орталыққа және аялдамаға жақын жерде орналасқаны дұрыс. 

- Ғимаратқа қаражатыңыз жетпесе, клиенттің үйіне барып, сабағыңызды жүргізсеңіз де болады. 

  Қажетті құрал-жабдықтар:

   Компьютер - 90000 теңгеден басталады.

   Принтер - 50000 тг.

   Факс - 30000тг. 

   Интернетке қосылу - 25000тг. 

   Модем - 20000тг.

   25 орындық - 25*5000= 125000тг.

   10 үстел - 10*10000=100000тг. 

   2 оқу тақтасы - 2*15000=30000тг.

   Телевизор - 70000тг басталады. 

   DVD - қондырғы - 50000тг. 

  Технологиясы: 

- Жеткеншіктерге  мамандық таңдау үшін көмектесу сатысынан тұратын тренинг орталығы құрылады. Әуелі, танысу бөлімі. Мұнда, шәкірттерге мамандық таңдауға кеңес беріледі. Толық мәлімет, болашағы, жетістікке жеткендердің өмірінен мысалдар, тәмсіл әңгімелер, жалпы өзіңіздің біліктілігіңізге, қиялыңызға қарай дамыта бересіз. 

- Одан соң, психологпен сырласу. Мамандық таңдау барысында адам баласының мінез-құлқы, қабілеті, ерекше қасиеттері психолог көмегімен анықталуы маңызды. 

- Клиентке екі кезең нәтижесінде таңдаған мамандығы бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік беру. Яғни,өндірістік тәжірибеден өтуі бойынша түрлі компаниялармен келісім-шартқа тұра аласыз. Тәжірибеден өту барысында, кәсібінің артықшылығы мен кемшілігін көзбен көріп, сезіне алады. 

  Шығыс болмай кіріс болмайды. 

- кеңсені шамамен - 150000тг жалға аласыз. 

- керек құрал-жабдықтарға - 500 000- дай жұмсауыңыз мүмкін. 

- кеңсе заттары - 50000тг.

- қызметкерлер: оқытушыларға - әр сабағынан 2000тг, Тех-персонал - айына 45000тг. 

  Табыс:

- Күндізгі тоғыздан кешкі тоғызға дейінгі жұмыс уақыты бойынша яғни 12 сағаттық графикті қолданыңыз. 

- Сабаққа 2 сағат берілсе , күніне 6 сабақтан өткізуге болады. Сонда айына 180 сабақ жүргізуге болады.  

- 30 күнде 2 топқа 6 сабақ бөлінсе, сіз 11 пән бойынша өте аласыз. 

- Егер, орталықта айына кішігірім топтарға арналған 150 дәріс өтілсе, 150*2000=300000. Бір топта 10 бала болса 300000*10=3.0000.000 тг табысыңыз. 50 пайызын қызметкерлерге бересіз. 

  Осылайша, жалпы бір айлық табысыңыз, шамамен, 1.500.000-дай болады екен. 

Күлкіні сөмкеңде арқалап жүр
Өтірікші сіздің құрығыңызда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу