Президент Шығыс Қазақстан облысында демалып жатыр (фото)
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қысқамерзімді демалысқа шықты. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысы 13-16 шілде аралығында төрт күндік қысқамерзімді демалыста болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы демалысын еліміздің ең көрікті жерлерінің бірі – Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы аумағында өткізіп жатыр. Президент елордаға сенбі күні оралады" - деп жазды Берік Уәли.