Әжіммен күресу тәсілдері
Әжім бет терісінің сұлулығын алушы паразит іспеттес. Ешқандай адамды әр пайда болған бет терісіндегі ирелең сызықтар қуантпайтыны анық. Әсіресе қыз-келіншектер қауымын әжім үлкен күйзеліске алып келуі мүмкін. (кейде күйеуімен болатын ұрыс-керіске де себепші болып жатады)
Европа елдерінде әжім мектеп жасынан-ақ пайда болып жатады, ал көптеген Азия елінің әйелдер қауымы өздерінің нәзік, жас терісімен мақтана алады. Біздіңкілерде 20 жастан кейін-ақ мимикалық әжімдер көріне бастайды. Алайда әжім кейде климатқа да байланысты болады. Кейбір жерлерде ауа мәселен құрғақ болып теріні кептіріп жіберсе, басқа жерлерде ауа-райы ылғалдылығымен қуантады.
Теріні әжім түспей тұрып, алдын алған дұрыс. Егер сіз 20-25 жас аралығында немес осы жастан төмен жаста болсаңыз, бет күтімін қолға алатын нағыз уақыт.
Жылдар өтіп метоболикалық процесстер мен жасушалардың жасаруы бәсеңдейді, коллаген төмендейді, бір сөзбен қартайя бастаймыз.
Алғашқы әжім белгілері көрінгеннен бастап-ақ күнделікті бет күтіміндегі косметикалық заттардың қатарына әжім кетіруші құралдарды да қоса бастауыңызға тура келеді.
Иісмайлар.
Нақтырақ, anti-age иісмайлары. Яғни сіздің теріңіздің жас, балғын қалпын сақтап қалуға көмегін беретін кремдер. Мұндай кремдерді 30 жастан төмен қыз-келіншектерге пайдалануға болмайды. Оның себебі 30 жастан үлкен әйелдердің терілері жұқа және құрғақ болып келеді, ал anti-age иісмайларының құрамында да дәл осы типтегі терілерге арналған компонеттерге болады. Егер сіздің жасыңыз осы жастан кіші болса, онда бір малдың құны тұратын қымбат иісмайлар сіздің бетіңізге ешқандай әсерін бермейді.
Егер сіз 30 жастан кіші болып, теріңізге әжім уақытынан бұрын түсіп, мазалап жатса, oil-free иісмайларын, гель немесе серум қолдануға кеңес беріледі.
Онымен қоса иісмайдың құрамында жоғары мөлшердегі жұмсартқыш және күннен қорғағыш spf-тің болуы маңызды.
Әсіресе, көзіңіздің айналасына аса көп мән беріңіз, себебі қабақ терісі өте нәзік болып келетіндіктен оны күн сәулесінен, сыртқы басқа да зиянды факторлардан қорғап, жұмсартып тұратын, керек десеңіз, арнайы крем қолдану қажет.
Теріге арналған массаж.
Кәрістердің мәңгі жас терілерінің құпиясы қарапайым массажда. Күнде таңертеңгілік және кешкілік уақыттардан арнайы өз сұлулығыңызға аз уақытыңызды арнаңыз. Қолыңызды тазалап жуып. Бетіңізді де косметика қалдықтарынан тазартыңыз. Өзіңіз қолданып жүрген иісмайын қолданып, бетіңізге 5-10 минутқа созылатын массаж жасаңыз. Массаждың видео түрін қосып, ойнаға қарап тұрып жасасаңыз, сізге өзіңізге қарап, ойлануға да мүмкіндік туады.
Тері жас қалпын сақтау үшін адам ағзасында өте көп мөлшерде су болуы қажет. Сондықтан күніне 1,5-2 литр су ішіп жүріңіз.
Негізінен әжім мимикасы жақсы жұмыс жасайтын адамдарда жиі кездеседі. Сіз қуаныштан туындайтын күлкіден бас тарта алмасаңыз да, қабақ шытқанда немесе басқа да мимикаңызбен орындайтын бір әдет сізге тән болса, мұнымен жұмыс жасағаныңыз дұрыс.
Және әжім түсуін генетикамен байланыстыру да негізсіз. Сіздің күтіміңіз басқа, ал ата-анаңыздың күтімі басқа болғаны белгілі.
Бет теріңізді күннен қорғаңыз. Тері әр күйген сайын, әжім түсуіне не көбеюіне жол ашылады. Себебі дәл осы тұста тері өз серпімділігін төмендетеді.
Егер теріңізде құрғақ болса майлы бет жуғыш құралдарын пайдаланыңыз!