Жұмыстағы қателіктерді қалай түзетуге болады?
Әр қызметкер өзінің жұмысы барысында, тіпті ол жұмыста өмірінің жартысын өткізген тәжірибелі қызметкерлер де жұмыста қателік жібереді. Жұмыс орнында қателіктерге бой алдыру өте жайсыз жағдай болғанымен де шешімсіз емес. Істеген ісіңізге жауап берге тура келеді, жұмыс орныңды сақтап қалу да қажет, басшылықпен жақсы қарым-қатынасты қалпына келтіру де қажет.
Сіздің бірінші әрекетіңіз.
Егер сіз өте ауыр қателік жасап қойсаңыз, алдымен сізге жасаған қателігіңізді бар ерік-жігеріңізді жинап, айтуға тура келеді. Себебі жұмыс пен ұжымда ең бастысы «сенім» екенін ұмытпаңыз. Егер сіз жасаған қателікті басшы басқа қызметкерден естісе сізде ақталуға да, жағдайды түзетуге де мүмкіндік болмай қалуы ғажап емес. Сондықтан бұл жағдайда, басшыға барып мән-жайды айтып, алдымен оның сеніміне ие болыңыз. Тек содан соң ғана, жағдайды шешуге өз нұсқаларыңызды ұсыныңыз.
Ал бастық егер де өз тарапынан жұмысыңызға көңілі толмайтынын білдіріп, сіз жіберген қателерді алға тартса, мәселенің төркінін біліп, қателіктеріңізбен жұмыс жасап, өз қабілетіңізді және қателіктермен жұмыс жасай алатыныңызды көрсетіңіз. Басшылық көрсеткен әр қателікпен аса мұқияттылықпен жұмыс жасап, енді қайталамаңыз. Тырыспаңыз, қайталамаңыз!
Беделіңізді қалай қалпына келтіруге болады?
Егер сізде әрі қарай да жұмыс істеуге мүмкіндік берілсе, мүмкіндікті 100-ге емес, 120-ға пайдаланыңыз. Жұмысыңызға бұрынғысынан көбірек көңіл бөліп, көбірек тырысыңыз. Қайта сенімге ие болу, кейде апталап, айлап уақытты алуы мүмкін. Алайда тұрақты, дәрежесін көтергісі келетін, беделін қайта қалпына келтіргісі келетін қызметкер тырысатын болады.
Келесіде үлкен көлемдегі әбестікке жол бермеңіз. Керек болса, жұмыстан кейін кідіріп уақытыңыздан ұзағырақ қызмет етіңіз. Сіздің қазіргі мақсатыңыз сіз жасаған қателіктің профессионалдылыққа, немқұрайлылыққа қатысы жоқ, тек кездейсоқтық екендігін дәлелдеп, өзіңіздің жақсы қызметкер екендігіңізді көрсету болып табылады.
Сізді жұмыстан шығаруға үкім шығарса?
Егер басшылық сізге екінші мүмкіндік беруді емес, жұмыстан шығаруды ұйғарса, болған жағдайға іштей анализ жасаңыз. Ол жағдай неліктен орын алғанын саралап көріңіз және басқалай қалай жасауға болатынын ойланып көріңіз. Бәлкім сізге қызметкерге тән кейбір қабілет не білім жетіспейтін болар. Және жұмыстан шығуыңыз осындай білім алуға мүмкіндік деп қараңыз.
Әрине, жұмыстан шығып қалу үнемі эмоционалды тұрғыдан өте ауыр жағдай. Сондықтан өзіңізге демалуға да мұрша беріңіз. Жаңа жұмыс орнында осы жағдайдың қайталанбауын қадағалаңыз.