Тоник таңдауда кеңес
Бетке арналған күнделікті иісмай жағар алдында қандай тоник қолданған дұрыс? Немесе тоник дегеніміз өзі не, не үшін қолданады?
Тоник бұл алдымен сергіткіш құрал. Күтім құралы болғанымен де, онсыз өмір сүру мүмкін емес деген сөзге келмейді. Тоник бетті көпірткіш құралмен немесе басқа да бет тазалағыш құралмен тазалап болғаннан кейін, оның қалдықтарын жою үшін және беттегі балансты қалпына келтіру үшін пайдаланылады.
Тоникті бет терісі типіне байланысты пайдаланыңыз.
Спирт қосылған түрі. Дерматологтардың көбі тониктің бұл түрін өте майлы теріге ұсынады. Бірақ тоник құрамындағы спирт мөлшері өте көп болса, оны мүлде қолданбаңыз.
Глицеринді сулы тоник. Құрамындағы эфир майлары мен өсімдік экстракттары бар хошиісті болып келеді. Глицерин қосылған тоник бәрімізге белгілі, бетті құрғатып, ашытуы да мүмкін. Оны да мұқият таңдауға кеңес беріледі.
Сулы тоник. Бұл тоник ең тиімді және де ең жақсысы. Беттегі макияж қалдықтарын кетіріп, өзінен кейін жағылатын жақпа майларының әсерін арттырады.
Бет типтері.
Теріңіз қалыпты тері қатарына жатса, табиғи нәрлендіретін компонеттері, дәрумендері бар тониктер сатып алыңыз.
Ал майлы теріге көк шай мен календула қосылған тониктер тиімді келеді.
Құрғақ теріге мейілінше ылғалдылық керек, мұндай типтегі терілерге құрамында коллагені, дәрумені мен табиғи майлары бар тоник таңдап алғаныңыз абзал.
Өзіңіз байқап тұрғандай, тониктің пайдалы не пайдасыз болуы сіздің бет типіңіз бен тоник құрамының сәйкес келуіне байланысты болып отыр.