Ерін күтімі: Дұрыс бояу

Oinet.kz 28-08-2020 898

Жұмысқа таң ата тұрып, бірнеше сағатын айна алдында өткізетіндер, әрине, ерінге далапты қалай жағудың қыр-сырын білер. Дегенмен, қыз-келіншектердің көбі ерін далабын дұрыс қолданбайды. Кейде асығыстан автокөлік айнасына қарап немесе жүгіріп жүріп, далапты ерінге тиер-тимес жаға салып, осылайша әдеттеніп алғанбыз.  Әрқашан әдемі болғыңыз келсе, мына кеңестерді білу артық етпес.

Ботокс қолданбай-ақ ерінді көлемді етуге болады. Алдымен еріннің жоғары бөлігіне «крестик» - «Х»  салып, еріннің ұштарына бұрыш сызып, оларды бір-бірімен байланыстырыңыз. Егер еріннің пішіні айқын болсын десеңіз, ерін далабын жаққышпен қолданыңыз. Ал егер көлемді болсын десеңіз, саусақпен бояңыз.

Ерінді боямас бұрын, ерін пішініні тоналды крем жағып, еріннің жоғары бөлігіндегі ойысына біраз хайлайтер жағыңыз. Сырт көзге ерніңіз үлкен болып көрінеді.

Ерінді сырт көзге үлкен қылып көрсетудің тағы бір тәсілі  - еріннің орта бөлігіне ашық перламутр түсті далап (тень) жағу қажет.

Ерін далабы көп уақытқа дейін сақталсын десеңіз, ерінді бояған соң оған жұқа қағаз майлық жабыстырып, сыртыннан ұнтақталған опа жағыңыз. Бұл тәсіл бойынша ерінді ұзаққа дейін боямауға болады.

Бағасы қымбат ерін далабыңыз сынып қалды ма? Мұңаймаңыз! Туба ұшын оттықпен ысытып, оны сынып қалған бөлігіне жабыстырыңыз. 15-30 минут тоңазытқышқа қойыңыз.

Ерінге арналған пламперді (ерінді үлкейтетін құрал) қолдан жасауға болады. Ол үшін ащы жалбыз майының бір тамшысын ерін жылтырағына қосыңыз.

Вазелин + көзге арналған ұнтақталған далап = үйде жағатын ерін жылтырағышы. Осылайша кез-келген түстегі ерін жылтырағышын жасауға болады.


Күнделікті ерін күтіміне кеңестер
Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу