Күлімдеу – шығынсыз келетін олжа

Oinet.kz 28-06-2020 975

image.png

- Күлімдеу: үйде бақыт, жұмыс орнында жетістіктің көзі.

- Күлімдеу: ішкі сұлулықтың сыртқа шығуы.

- Күлімдеу: өздігінен берілмейінше, ешкімнің кәдесіне жарамайды.

- Күлімдеу: аз ғана уақыт алады, бірақ кейде мәңгілікке есте қалады.

- Өмір – айна сияқты. Күлімдеп қарасаң, ол да күледі. Қабағыңды түйсең, ол да саған қатаңшылық етеді.

- Күлімдеу: берген адамды шығынға ұшыратпайды, ал алған адамды байытатын ерекше дүние.

- Күлімдеу: сатып алынбайды, өтініп, сұрап алынбайды.

- Оны ешкім қарызға бермейді. Оны ұрлап алу да мүмкін емес.

- Күлімдеген адам басқаларды жылы қабылдайды деген сөз.

- Жұмысы мен жарынан сенімді және разы болған адам әрдайым күлімдеп жүреді.

- Күлімдеу: өзара құрмет, сүйіспеншіліктің кілті.

- Күлімдеу: сол сәтті нұрландыру деген сөз.

- Күлімдеу: өзімді де, сіздерді де жақсы көремін деген сөз.

- Күлімдеу: бақытты және рахат өмір сүрудің кілті.

- Күлімдеу: көңілдер арасындағы сүйіспеншіліктен жасалған көпір.

- Күлімдеу: ең арзан және ең қадірлі сыйлық.

- Күлімдеу: адамның рухында ашылған гүлдердің айналамызға сүйіспеншілікпен берілуі.

- Екі адам арасындағы ең қысқа байланыс – күлімдеу.

- Шаршаған адамның мауқымын басады, үмітсізге шаттық сыйлайды.

- Кейбір адамдар күлімдей алмайды. Ондайларға сіз күлімдеңіз.

- Күлімдеудің ешқандай материалдық шығыны және физикалық ауыртпалығы жоқ. Керісінше күлімдеу адамға көп пайдалар әкеледі.

Ерін күтімі: Дұрыс бояу
Қауынның сіз білмейтін пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу