Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Шайға түрлі қоспа салып ішу халық медицинасында бұрыннан бар. Алайда оның барлығы бірдей сіздің денсаулығыңызға көмектесе бермейді. Тіпті кейбіреулері кері әсерін тигізіп жатады. Сондықтан біз бүгін дәрігер мамандар дәлелдеген 6 қоспаны назарларыңызға ұсынып отырмыз. Олар төмендегідей:
1. Бәден (иіс май шығатын өсімдік).
Бәденді тамағыңыз ауыра бастаған кезде бірден шайға қосып ішіңіз. Ол өте пайдалы. Мұндай шайды жөтел басталарда да ішуге болады. Ауруыңызды тез арада басуға көмектеседі.
2. Ақгүл (ақжұпар, ақтамақгүл).
Бұл гүл түрін шайыңызға қосып ішсеңіз, шаршағаныңыз, әлсірегеніңіз лезде басылып, көңіл-күйіңіз көтеріледі. Сонымен қатар, тәбетіңіз де ашылады.
3. Жанжабіл (занзабіл, зімбір).
Бұл тропиктікті өсімдіктің тамырын үккіштен өткізіп қайнатып немесе бір бөлігін бірден салып жіберіп, ішкеніңіз дұрыс. Ол тек сізді жылытып, сергітіп қоймайды, оған қоса зат алмасу процесін де жеделдетеді.
4. Қырмызы (календула).
Қырмызының гүлі мен дәнінің құрамында бактерицидтік әрекет бар. Оның тамақ ауруы мен тұмаудың кезінде пайдасы мол.
5. Лаванда.
Лаванда тыныштандыратын және түйілуді басатын қасиетке ие. Мұндай шай жүйке жүйесі жұқарып, ұйқысыздыққа ұшыраған кезде көп көмектеседі.
6. Жалбыз.
Қара шаймен қайнатылған жалбызды кешке қарай ішіп, дем алуыңызға болады. Жалбыз суық тиіп, тұмауға шалдығып, температураңыз көтеріліп, асқазаныңыз тамақты қорыта алмай қалған кезде сізге септігін тигізеді. Және бронх қабынуы кезінде жөтеліңізді азайтады.