Үйде өсіруге болмайтын гүлдер

Oinet.kz 13-04-2020 8180

Бөлме гүлдері әрбір үйге ерекше сұлулық қосатыны белгілі. Жайқалып көздің жауын алып тұратын әсем гүлдердің адамға тигізер пайдасы молынан. Гүлдер бөлменің ауасын тазалап, адам жанын жадыратады. Алайда, кейбір улы гүлдерді үйде өсіру ұсыналмайды. Бұл қандай гүлдер? Ендеше, осы улы гүлдер жайлы айтайық.

Адениум

954a45f38424fbd7cfeb.jpg

Өзінің таңқаларлық сұлулығымен баршаны өзіңе баурап алатын бұл гүлді Патшалық лалагүл және шөлді Роза деп те атайды. Тәжі раушан мен лалагүлге ұқсайтын хош иісті гүлдермен безендірілген. Өзінің кез келген жағдайға ыңғайланатын және «ерке» еместігінің арқасында барлық бақташылар және бөлмеге ерекше әсем қосқысы келетін жандар осы гүлді өсіруге бейім. 

Ежелгі Африка тайпалары жебелерге гүлдің шырынын сіңіріп, жауларды өлтіру мақсатында пайдаланған. Сондықтан гүлді сатып алар алдын балалар мен үй жануарларының қолы жетпейтін жерге қондырған дұрыс. Ғалымдар Адениум гүлін балалар бөлмесіне қоюға қатаң тиым салады. Гүлге күтім жасар алдында арнайы қолғап киіп, соңынан қолды және барлық құралдарды мұқият жуу қажет. Әрі киімге және теріге жақындатпаған дұрыс.

Олеандр

Oleander21.jpg

Халық арасында «хош иісті алғыстың көзі» деген атаумен танылған тым ерекше гүл. Оның әсем гүлдері шоғында жиналып, жағымды хош иіс шығарады. Алайда ақырын таралатын күшті хош иіс адамның басын ауыртып, айналдырады. Бұл гүл тым тез өседі және гүлденуі әрқашан мол болады. Бірақ адам ағзасы үшін ең қауіптісі ланцент жапырақтары болып саналады. Бұл жапырақтар тамаққа түскен жағдай ересек адамдар мен отын ретінде қолданып жүрген ағаштар опат болуы мүмкін.

Антуриум

maxresdefault (2).jpg

Бөлме аурасында өсетін Ароидтық өсімдіктер тұқымдастығының мүшесі болатын бұл гүлдің үйге ерекше сұлулық қосатыны белгілі. Гүл өзінен қымыздық қышқылы бар шырынды шығарады. Шырын теріге тисе қызарып, аллергиялық реакция беруі мүмкін. Бірақ мұның бәрі адамның жеке қорғанысына байланысты. Асқорыту жүйесіне түсетін антурия көбінесе ішектің ісінуі мен ауыз қуысының күйуіне себепкер болады. Адам ағзасына өте қауіпті болған бұл гүлмен мұқият байланыс орнатқан дұрыс. Ал үйде қолжетпейтін орынға қойған жөн. 

Пахиподиум

maxresdefault (1).jpg

Бұл гүлдің екінші атауы Мадагаскар пальмасы. Қалың бұтақ тәрізді сабағы мен жоғары жағында пальма ағашына ұқсас жапырақтары бар. Гүлдің құрамында өте улы ақ шырын бар, оны тек гүлдің тұтастығын бұзу арқылы біле аламыз. Шырын теріге теріс әсер етпегенімен, ол жара мен шырышты қабыққа ғана қауіпті әсерін тигізуі мүмкін. Пахиподиум гүлінің зияндылығын көрмес үшін оны ұстаған соң қолды міндетті түрде жақсылап жуу қажет болады.

Дифенбахия

bs_diffenbahia_123456.jpg

Гүл стандарты жағдайға сәйкес келетін бөлмелердегі ауаны жақсартады. Бірақ гүлді жатын бөлмеге қоюға мүлдем болмайды. Сабақтың құрамындағы улы шырын асқорыту жүйесі мен тыныс алуды нашарлатады. Улы гүлдің шырыны тері қабатына тисе күйдіріп жібереді. 

Замиокулькас

1-59.jpg

Әрбір үйдің төрінде өсірілетін бұл гүл халық арасында «Доллар гүл» деп те танылған. Гүлдің тұла бойы улы шырынға бай. Гүлдің өзі денеге тигенде аса бір қауіп тудыра қоймасы анық. Тек ішіндегі улы шырын өте қауіпті. Гүлдің өзі химиялық улануды тудыратын улы түтін шығармайды. Алайда, улы шырынның көз мен шырышты қабатқа түсуден сақ болыңыз!

Плюмерия

maxresdefault.jpg

Плюмерия улы өсімдіктер қатарына жатады. Оның улы заты шырынының құрамында кездеседі. Жұмсақ тіндерге түсу қатты тітіркену мен қабынуды тудырады. Өзінің жағымсыз жағдайына қарамастан, бұл гүл үйде жақсы өсіп, ауаны тазалауға өз көмегін тигізеді.

Плющ

hedera-1.jpg

Үй лианасы ерекше әсемдік пен безендіру мақсатында өсіріледі. Бұл гүл зиянды бактериялар мен саңырауқұлақтардан арылуға көмектеседі, әрі үйдің ауасын жақсы  тазалайды. Гүлдің сабағы өте улы. Егер оны үй жануары жесе, сол мезетте-ақ өліп кетуі мүмкін. Плющ өте сирек гүлдейді жіне өзінен жағымсыз иіс шығарады. Гүлденуден кейін піскен жемістер өте улы. Сондықтан оны тез арада құртқан дұрыс. 

Бөдене жұмыртқасының пайдасы
Баклажанның (баялы) пайдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу