Іскер аруларға арналған диета

Oinet.kz 02-05-2019 1158

Қазіргі заманда жақсы өмір сүру үшін әйел заты да ер азаматынан қалыспай жұмыс істеуге тура келеді. Қарбасқа толы жұмыс пен үй тірлігін қатар алып жүргенде өзіне де қарау кез келген әйел адамның қолынан келе бермейді. Әсіресе, бір жерде отырып істейтін жұмыс – деннің саулығы мен сұлу мүсіннің жауы. Сол себепті артық салмақ жинағысы келмейтін арулар дұрыс тамақтану тәртібін сақтанып немесе арнайы диета ұстауы қажет. Бүгінгі біз ұсынған диетаны ұстап көрсеңіз, 2 апта ішінде 5 келі салмақ тастауға мүмкіндігіңіз бар

бизнес идея.jpg

Таңғы асқа жеміс-жидек жеңіз. Мөлшері шамамен жарты келі болғаны дұрыс. Банан, жүзім, авокадо және кепкен жемістерден басқа кез келгенінен әр күнде әр түрін таңдасаңыз болады. Түскі асқа асқазаныңыз не қаласа, соны жеңіз. Тек мөлшері көп болмауын қадағалаңыз. Күріш, балық, салат, бұқтырылған көкөніс секілді жеңіл сіңетін тағамдарды таңдасаңыз, тіпті жақсы. Фастфуд, пісірмелер (выпечка), майлы тағамдар және макарон өнімдерінен түбегейлі бас тартқаныңыз дұрыс. Кешкі асқа қайнаған көкөністер (картоптан басқа) жеңіз. Оны қанағат тұтпай жатсаңыз, аздаған айран ішуге болады.  Тез арықтағыңыз келсе, шөптен жасалған шай не газдалмаған минералды суды көбірек ішіңіз.

Дереккөз: massaget.kz

Бала тәрбиесі: өзіне сенімділік ұялату
Ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу