Сағыз саттым: Қазақстандық кәсіпкер қалта қалыңдату үшін жасаған жұмыстарын айтты

Oinet.kz 11-06-2022 1333

Сырымбек есімді қазақстандық кәсіпкер, блогер бала күнінен саудаға бейім болған. Сол пысықтығы кейін өзін кәсіп жолына келуіне себепші болған. Бұл туралы кәсіпкердің өзі айтты. 

Screenshot_7.jpg

“Мен бала күнімде Монғолияда сағыз саттым. Ол кезде күн көріс үшін саттым. Бір жағынан әкем мені үйренсін десе керек, менің не істеп жүргеніме қарсылық танытқан жоқ. Бала күнімнен саудаға жақын болдым. Соны қолдады. Соның арқасы шығар, кейін кәсіпкерлікті қолға алдым”, – дейді ол Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында. 

Сырымбек Қазақстанда көлік сатумен айналысты. Кейіннен көлікке қатысты жабдықтарды саудасын жолға қойған. 

“Көлікті сырттан әкеп саттық. Біршама кедергілер болды. Шектеулер болды. Дөңгелектеріне, нөміріне, көліктің тіркелген еліне байланысты дегендей. Бірақ қолды бір сілтемей соңына дейін жүрдім. Сондықтан осы күнге жеткен шығармын. Қазақтың бәрі бай болу керек. Бәрінің қолынан келеді. Тек жұмыс істеу керек. Жалқаулық, жағымпаздық, жемқорлықтан алыс болса болды, ақша табу қиын емес”, – деді ол. 

Сырымбек бес баланың әкесі. Жарының есімі – Толқын. Ұлының бойы өзінен үлкен. Қыздары да бойшаң. Оның өзіндік себебі бар көрінеді. 

“Менің атам алып адам болған. Бойы 2 метр, 30 см. Аяғы үлкен болған. Киімі Қытайдың мұражайында сақтаулы. Үлкен адам ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қуандық деген кісі. Сол кісінің ұрпағымыз. Сондықтан отбасымда бәрі бойшаң”, – дейді кәсіпкер. 

Блогер желіде елімізде болған жағдайға үнемі үн қосып, өз пікірін білдіріп отырады.

“Еліміздегі соңғы жағдай, иә, мені де алаңдатады. Туың құламасын! Тілің өлмесін! Дінің жоғалмасын! Басқа сенің нең бар сақтайтын?Туымызды төменге түсіріп, өзінін бір минуттық ермегі үшін қорлау - ол опасыздық. 

Біздегі танымал тұлғаларға (өнер адамдары, блогерлер, вайнерлер, мемлекеттік қызметкерлер, кәсіпкерлер, беделді адамдар) жаза қолданатын кез келді осыны. Ішімдік ішіп, есірткі қолданып, боқтық айтып, тыр жалаңаштанып, жаппай халыққа тіл тигізіп, құндылықтарымызды қорласа өз салаларынан 2-8 жылға дейін шектеп, қайталанса немесе бағынбаса, соттауға дейін бару керек деп ойлаймын! Сондықтан, осыны ел ағалары болып қолдап, ұрпағымызды салауатты қоғамда тәрбиелейікші! Есерсоқтарға ес берсін, Аллам”, – деп жазды Сырымбек.

«Балалар үрейлене қарайды»: жарты беті күйген қыз әлеуметтік желінің жұлдызына айналды
Байқамай өз ата-анасын өлтіріп алып ерте үзілген қыз ғұмыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу