Дүкенде сатып алушы ретінде өз құқығыңызды білесіз бе?

Oinet.kz 27-11-2019 3558

Азық-түлік  дүкендерінде сатып алушы мен сатушылардың арасында түсініспеушіліктер орын алып жатады. Мысалы, сіз бір бөтелке сусынды аламын деп, бірнешесін құлатып алдыңыз. Егер де дүкен сатушысы немесе менеджері сізге жарамсыз болып қалған барлық бөтелкенің ақшасын төле десе, не істейсіз? Сіз өз құқығыңызды білесіз бе?

1. Сіз тауарды құртып немесе бүлдіріп алдыңыз

10 советов, как законно защитить свои права в магазине

Залдың ортасында тұрған бірнеше бөтелкеге қолыңыз тиіп кетіп, барлығын шағып алдыңыз. Сіз ол тауардың ақшасын төлемесеңіз, зат әлі де дүкенге тиесілі. Қызметкерлер тауарды қабылданған нормативтерге сәйкес орналастыруға міндетті. Сондықтан, залдың ортасында шөлмектерден пирамиданы құрау немесе сөреден еденге дейін қою арқылы сатып алушылардың қолайсыз жағдайына септігін тигізеді.

2. Егер де сөмкеңізді бейне бақылау орынына тастауды сұраса...

Заң бойынша, дүкенге кірерде сатып алушылар жеке заттарын сыртқа тастап кетуге міндетті емес. Керісінше, сіз қарсы пікір айтқанда, сөмкеңізді бейне бақылауға тастамағыныңыз үшін сізді дүкенге кіргізбей қоюға олар құқылы емес. Бұл жағдайды күзетшіге немесе дүкеннің менеджеріне түсіндіріп айтыңыз. 

3. Егер де бейне бақылауда тұрған затыңыз жоғалса...

10 советов, как законно защитить свои права в магазине

Сіз заттарыңызды бейне бақылауға қалдырып, артынша жеке затыңыз орнында жоқ болса, бірден кінәні дүкеннің немесе супермаркеттің әкімшілігінен іздеңіз. Және жоғалған затыңыздың ақшасын толықтай төлеуге олар міндетті.

4. Егер де күзетші сіздің сөмкеңізді немесе киіміңізді тексергісі келсе...

10 советов, как законно защитить свои права в магазине

Негізінен дүкенде тұрған күзетшілердің құқық қорғау органдарына қатысы жоқ. Олар жеке компанияның қауіпсіздік қызметкері болып табылады. Ешқандай арнайы протоколсыз олар сізді тінтуге құқылы емес. Сондықтан арнайы полиция қызметкерін шақырыңыз.

5. «Менде майда жоқ! Ірі ақшаны ауыстырып, майдалап келіңіз!»

Сізден майда ақша беруді немесе сізді басқа кассаға баруды өтінсе, сіз ары-бері жүруге міндетті емессіз. Бұл – заңсыз. Дүкен директоры кассадағы ақшаның майда-ірісіне бақылау жасауға міндетті. Сондықтан сіз бұл мәселені шешуді талап ете аласыз.

6. Сөреде басқа баға, кассада басқа баға

Сіз сөреден тауарды алып, кассаға бардыңыз. Алайда, кассир сіздің затыңызды компьютерге енгізгеннен соң барып сізге сөредегі бағаны ауыстыруды ұмытып кеткенін айтып, басқа баға көрсетіп тұр. Сіз бұл кезде дүкен әкімшілігінен тап сол сөредегі бағаны талап ете аласыз.

7. Жапсырылған бағаның астында басқа баға тығылып тұрса...

10 советов, как законно защитить свои права в магазине

Мұндай жағдайлар ірі супермаркеттерде көбірек орын алады. Себебі белгілі бір уақыттарда арнайы тапсырыспен олардың бағалары өзгеріп отырады. Мұндай кезде сатушылар сол бағаларды алып тастаудың орнына үстіне жаңа бағаны жапсыра береді. Сіз мұны байқаған жағдайда дүкенге келіп заттың бағасын сәйкестендірі, ақшаңызды қайтарып алуыңызға болады. 

OINET.KZ

Супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер туралы білесіз бе?
Анемияның алдын алу жолдары. Белгілері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу