Анемияның алдын алу жолдары. Белгілері
Анемияның алдын алу үшін дұрыс тамақтану маңызды. Кез-келген ауруды болдырмас бұрын алдын алыңыз, яғни «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеңіз!»
Негізі жануардан алынған өнім құрамындағы темір, өсімдіктен алынған өнімге қарағанда 2-3 есе сіңімді болады. Бірақ темір жетіспеушілігі жоғарылаған сайын өсімдіктен алынған темір сіңімді бола түседі.
Құрамында темірі көп, жануардан алынатын өнімдер:
Ет, бауыр, балық,теңіз өнімдері,жұмыртқа.
Құрамында темірі көп, өсімдіктен алынатын өнімдер:
Орех, кунжут, асқабақ дәні, шпинат, руккола,брокколи, құрма, құрғақ жемістер, какао, шоколад, бұршақ тұқымдастар, жармалар .
С витаминді тағамдар, темір сіңімділігін арттырады:
Қызанақ, қауын, тәтті бұрыш.
Анемияның белгілері:
- тез шаршап қалу,мазасыз болу;
- ұйқы бұзылысы;
- жиі инфекциялық аурулармен ауру;
- бастың ауруы;
- мінез-құлық өзгерісі;
- тершеңдік;
- бой өсудің артта қалуы;
- жеуге болмайтын заттарға әуестік (бор,кесек т.б жеу);
Темір тапшылықты анемия деп диагноз қою үшін клиникалық көріністері жеткіліксіз. Сондықтан қан анализін тапсыру қажет.Қан анализінде гемоглобин, ферритин, МСH, MCV деген көрсеткіштерге мән беріледі.
Гемоглобиннің қалыпты мөлшері:
1 жылға дейін- 110 жоғары
1-5 жыл аралығында- 115 жоғары
5-14 жыл аралығында- 120 жоғары болуы керек.