Созылмалы жөтел деген не?

Oinet.kz 27-11-2019 1454

Созылмалы жөтел дегеніміз-күнделікті болатын ұзақтығы 4 аптадан асқан жөтел. Созылмалы жөтелді, жиі қайталанатын жедел жөтел эпизодтарымен шатастырмаңыз.

жөтел.jpg

Созылмалы жөтел себебін анықтау үшін нақты жиналған анамнез, баланы қарап тексеру, өкпе рентгенографиясы, спирометрия қажет. Диагнозды нақтылау үшін бұдан басқа да анализдер мен инструментальдық зерттеулер жүргізілуі мүмкін.

Созылмалы жөтелге әкелетін себептер:

- Бронхиальді астма;

- Бронхоэктатикалық ауру;

- Муковисцидоз;

- Эозинофильді пневмония;

- Аспирация;

- Иммунотапшылықты жағдай;

- Көкжөтел;

- Туберкулез

Анемияның алдын алу жолдары. Белгілері
Жөтел түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу