Бауырлас елдің өнері де ортақ

Oinet.kz 24-12-2024 57

Жастарға басымдық берген ерекше жылда Түркістан өңірінде түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жақында  көне шаһарда  «Түркістан – Түркі әлемінің бесігі» атты Түркі кеңесі түркі университеттер Одағының ІV Бас ассамблеясы аясында Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумы басталды. Форумға Әзірбайжан, Қырғыстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен және Қазақстан Республикасының өзге облыстарынан жас делегаттар, белсенді жастар қатысуда.  Аталған форумның ашылу салтанатына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері жөніндегі комитет төрағасы М. Қожахмет, Түркістан облысы әкімінің орынбасары М. Отарбаев, TUGVA Түркия Республикасы Жастар қорының президенті Э.Эминоглу, Ислам ынтымақтастығы Жастар форумының президенті Т.Айхан қатысып, форумға қатысушыларға сәттілік тіледі.

     Форумның мақсаты – өңірдің дамуы мен жастар саясатын дамыту барысында тәжірибе алмасу, облыстың туристік әлеуетін арттыруға қосымша серпін беру, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достық қарым-қатынасты дамыту.

Форум аясында жастардың кешкі еркін тақырыпта кездесулері, «Opentalks» форматындағы секциялық жұмыстары, қатысушы делегаттардың Түркістан өңірінің тарихи және киелі орындарына экскурсиясы ұйымдастырылмақ. Сондай-ақ, Түркі Кеңесі жас көшбасшыларының ІІ Форумының ашылу шарасында Түркі жастарының салтанатты шеруі және  «Түркістанға оралу» түркі халықтарының этно-өнер фестивалі  басталды.

     Бауырлас елдің басын қосқан ауқымда шарада жиналған қонақтар Түркі халықтарының қолданбалы өнер көрмесін тамашалады.


Жалынды жастар бақ сынауда
Теріскейде өнім мол
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу