Картоп өсірудің пайдасы көл-көсір
Сайрам ауданының жері егі егуге өте қолайлы. Мұнда ауа-райы өте жайлы. Ағын су да мол. Сол себепті Сайрам жеріне қадаған тал тез көгеріп өсіп шыға келеді. Жердің осындай нығметін тиімді пайдалану аса маңызды. Сайрамдағы жеке кәсіпкерлер осы нығметті бос жібермей, түрлі шаруа қожалықтарын ашқан. Соның бірі - «Неъмат-ота» шаруа қожалығы.
Бұл шаруа қожалығының төрағасы Мирабдулла Насируллаев ұзақ жылдардан бері картоп егімен айналысады. Картопты әрбір отбасы күнделікті тамақтану рационында қолданады. Сондықтан да жыл он екі ай картопқа деген сұраныс тоқтаған емес. Осы орайда Мирабдулла үздіксіз даму процесінде болып, ақыры Неъмат-ота» шаруа қожалығын ашады. Бұл қожалық ауыл шаруашылық көкөністерін өсірумен айналысады. Әрине ең бірінші кезекте картоп егу ісі болады.
Уақыт өте келе шаруа қожалығына өсу керек болады. Бұны Мирабдулла мырза жақсы түсінеді. Ол өз шаруашылығын дамыту үшін жоғары сортты өсімдік тұқымдары сатып алмақ болады. Қолда артық ақша болмағандықтан ол «Ырыс» МҚҰ – на жүгінеді. Нәтижесінде ол көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша, несиелендіру мақсаты өсімдік шаруашылығы соның ішінде картоп егуге деп 1,4 млн теңге қаражатымен қаржыландырылған болатын. Ол бұл қаржыры «Кең дала» бағдарламасы шеңберінде алды. Бағдарлама бойынша несие алушыға 3 жылға линия ашылады, өсірілетін дақылдардың егістік алқабының гектарына бекітілген арнайы нормативіне сәйкес қаржыландыру жүргізіледі. Қаржыландыру жыл басында 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен беріліп, төлем мерзімі 1 қарашаға дейін жүргізіледі.
Содан бері арада бір жыл өтті. «Неъмат-ота» шаруа қожалығы ісін жандандырып, аудандағы базарларды сапалы өнімдермен қамтып отыр. Мирабдулла мырзаның айтуынша, картопқа деген сұраныс әлі де жоғары деңгейде. Себебі картоп денсаулыққа өте пайдалы. Бұған дейін картоптан каротеноидт, антоцианин, хлорогендік және кофе қышқылдары секілді антиоксиданттар табылды. Олар қатерлі ісіктен, атеросклероздан, қартаюдан қорғайды. Ол антиоксиданттардың көпшілігі қызыл және көк картоптың қабығында болады. Себебі, оларға дәл осы түсті антиоксиданттар береді. Ғалымдар картоптың теріс әсері туралы көптеген болжамдарды жоққа шығарды. Жақында картопқа қатысты жалпылама зерттеулер жарияланды. Және картоптың жүрек пен қан тамырлары ауруларының, қатерлі ісіктің дамуына ықпал етпейтіні анықталды. Сондай-ақ, семіздікке де, II-типтегі қант диабетіне де картоптың еш қатысы жоқ. Бұл аурулардың қаупін тек қуырылған картоп қана көбейтеді.
Бүгінде заманауи зерттеу әдістерінің арқасында картоптан бұған дейін белгілі болмаған 60-қа жуық қоректік зат табылды. Мысалы, 2007 жылы тағамтану институтының британдық ғалымдары картоптың құрамында қан қысымын төмендететін какоамин барын анықтады. Әсер ету механизміне байланысты, олар ангиотензинді түрлендіретін ферменттерді баяулатқыш дәрі секілді. Әрине, оның дозасы таблеткадан аз, бірақ айтарлықтай маңызды рөл ойнайды. Бұл зерттеулерде көрсетілген. Сондықтан, қан қысымынан зардап шегетін адамдар картопты жиі жегендері дұрыс. Оның үстіне, картопта калий және магний секілді маңызды элементтер бар.