Сайрамда өсірілетін банан бүкіл облыс тұрғындарын қамтып отыр

Oinet.kz 01-09-2024 127

20240127150103303_big.jpg

Сайрам ауданының кәсіпкерлері әрқашан тың ой, жаңаша көзқараспен өзгелерден оқ бойы озып келеді. Олар кәсіпке жаңа инновацияларды енгізуден қашпайды. Және де олар басқа аудандар жасап көрмеген нәрсені сынап көріп, тәжірибеге барынша дұрыс көзқарас танытады. Соның бір айғағы – Сайрамда банан өсіру мықтап қолға алынған. Жалпы, банан деген көбіне Африка елдерінде өседі. Бананға ыстық ауа-райы қатты қажет. Ал Африкадан басқа аймақтарда ауа-райы қатты ыстық емес. Сол себепті де басқа жерде егілген банан секілді жемістер өнбейді. Бірақ Сайрам ауданы кәсіпкерлері не де болса бақтарын сынап көруге бел буды. Және олар банан өсіру ісіне үлкен жауапкершілікпен келді. Соның бірі - GEN GROUP KAZAKSTAN» компаниясы. Компания Қайнарбұлақ ауылында орналасқан.

Фермерлік жылыжай кешені 2023 жылдың маусым айында іске қосылған. 150 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жобаның құны 1056 млн теңгені құрайды. Жылына 3000 тонна өнімді ішкі нарыққа өткізу көзделген. Жалпы 5,0 гектар алқапта банан өсіріледі. Мұндағы құрал-жабдықтар Түркия елінен алынған. Былтыр 5,3 га аумаққа тәжірибе ретінде бананның «Анамуз» сортының 7400 көшеті отырғызылған болатын. Мамандардың сөзіне сүйенсек, банан бұтағы 10-15 жылға дейін өнім беруге қауқарлы. 1-2 айда өнім береді деп күтіліп отыр. Алдағы уақытта жылыжай кешенін шыны жабындысымен кеңейтіп, 3,7 га жерге құлпынай өсіру жоспарда бар.

Биыл жылыжайдың жұмысымен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы танысып кеткен еді. Сонда ол жылыжайға мемлеке тарапынан барлық көмек ұсынылуы керектігін айтқан еді. Себебі мемлекет тарапынан жұмысын енді бастап жатқан кәсіпорындарға бастапқы кезде көмек қажет. Мемекет көмегін көрген кәсіпорын банкрот болмай, жұмысын тез жолға қояды. Нәтижесінде олар тез қатарға қосылып, аяғынан нық тұрады.

Жалпы банан денсаулыққа өте пайдалы. Банан депрессиямен күресуде көмектеседі. Оның құрамында триптофана заты бар. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға болады. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді. Сүйектерді қатайтады. Банан арқасында ағзадағы кальций жиналып тұрады. Қалыпты жағдайда ағзадан кальций сынды пайдалы минералдар зәрмен сыртқа шығып кетіп отырады. Ал банан әсерінен керісінше кальций жиналып, сүйектерді қатайтуға қатысады. Бұл әсіресе кофе ұнататын адамдарға пайдалы, себебі біле білсеңіз кофе керісінше ағзадан кальцийдың шығарылуына септігін тигізеді. Ішек микрофлорасын жақсартады. Банан құрамындағы ферменттер арқасында ағзаға тағаммен түскен пайдалы заттар әдеттегіден қарағанда жылдамрақ сіңіріледі. Іш қату. Іш қатуы бар адамдар үшін банан өте пайдалы жеміс. Әрдайым банан жеу іш қатудан мықты қорғаныш. Банан асқазандағы изжога секілді жағымсыз жағдайдан құтылуға да бірден бір себеп.

Банан жегеннен кейін ол асқазан шырышты қабатында қорғаныш қабатын түзеді. Соның әсерінен ондағы қышқылды агрессивті заттар асқазан шырышына зиянын тигізе алмайды. Бұл әсіресе асқазан жарасымен аурыратын адамдар үшін пайдалы. Себебі асқазан әртүрлі бөліменде орналасқан жараларды жауып, қышқылдан қорғаған сайын, оның жазылуы да жылдамрақ жүреді. Диареядан зардап шегетіндерге банан жеу ұсынылады. Бұл жақсы қалпына келтіргіш жеміс. Көп жүріп, физикалық жаттығулармен айналысып, спортпен айналысатындар үшін балтыр бұлшықетінің дірілінен сақтайтын қасиеті бар, себебі банан құрамындағы калий бұлшықетке оң әсер көрсетеді. Ісінулер. Бананды жиі жеу, ағзадағы ісінулерден арылтады.

Бүгінде Сайрам ауданында бананнан бөлек, лимон, құрма тәрізді тропикалық жемістер де жерсіндірілген. Бұл жемістер бүкіл Түркістан облысына қарап, халықтың денсаулығын нығайтуға өз үлестерін қосып жатыр.

Картоп өсірудің пайдасы көл-көсір
Сайрамда өсетін лимонға сұраныс көп
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу