Байлардың кірісіне салық көбейеді

Oinet.kz 26-11-2020

SpaceX және Tesla компанияларының басшысы Илон Маск Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтсті басып озып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде екінші орынға көтерілді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Илон Маск.jpg

Bloomberg Billionaires Index (BBI) жариялаған тізімге қарағанда,  Масктың байлығы 127,9 миллиард долларға жетіп, бір жыл ішінде 100,3 миллиард долларға өскен, бұл BBI-де рекордтық жылдық өсім екен. Билл Гейтс болса үшінші орынға түсіп қалды, оның капиталы 127,7 миллиард долларға бағаланады. Ал бірінші орында Amazon негізін қалаушы Джефф Безос тұр, оның байлығы шамамен 182 миллиард доллар екен.

Сондай-ақ, әлемдегі ең бай бес адамның қатарына Louis Vuitton Moët Hennessy президенті Бернар Арно мен Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг кірді.

Байлар демекші, Владимир Путин Ресейдің бай азаматтары үшін салықты көбейту туралы заңға қол қойды. Құжат құқықтық ақпараттың ресми интернет-порталында жарияланған. Заңға сәйкес, 2021 жылдан бастап жылдық табысы бес миллион рубльден (28 миллион теңге) асатын жеке тұлғалардың кірістеріне салық мөлшерлемесі көбейеді. Ресейдің Қаржы министрлігінің мәліметінше, 15 пайыздық салық мөлшерлемесінің жоғарылауына ресейліктердің бес миллион рубльден асатын кірісіне ғана салық салынады. 

Жоғары экономика мектебі сарапшыларының пікірінше, бай азаматтарға салынатын салық бұдан кейін де көбеюі мүмкін. Әңгіме жылдық табысы 12 миллион рубль (67 миллион теңге) және 24 миллион рубль (134 миллион теңге) ресейліктерге салынатын салықтың 20-24 пайыз және одан да өсуінде. Одан бөлек, сарапшылар табыс салығының мөлшерлемесін 30 пайызға дейін көтеруді ұсынды.

Жәшік алуға 28 млн теңге жұмсалмақ
Қытайдың ең кедей елге айналғысы жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×